Cолтүстік өңірлерде қар жауып, бұрқасын болады

21 Ақпан 2022, 08:00
1670
Бөлісу:
Cолтүстік өңірлерде қар жауып, бұрқасын болады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазақстан аймақтарында 2022 жылғы 21-ші ақпанда болатын ерекше метеорологиялық құбылыстарға болжау консультациясы жарияланды.

ҚР солтүстік-батысына қарай, Ақ теңіз аудандарынан шыққан циклон ығысады, осыған байланысты солтүстік өңірлерде қар жауып, бұрқасын болады, еліміздің батыс өңірлерінде жауын-шашын, жаңбыр мен қар түрінде жауып, көктайғақ құбылыстары бақыланады. Республика бойынша кей жерлерде тұман түсіп, жел күшейеді.

Түнде Солтүстік Қазақстан облысының батысында, күндіз облыстың басым бөлігінде жел 15-20 м/с күшейіп, жаяу бұрқасын болады. Қостанай облысының батысы мен солтүстігінде жел 15-20 м/с күшейіп, жаяу бұрқасын болады. 

Түнде Батыс Қазақстан облысының солтүстігінде, оңтүстік-шығысында, күндіз шығысында, оңтүстік-батысында көктайғақ, облыстың батысында, оңтүстігінде, орталығында тұман, түнде облыстың  солтүстігінде, шығысында жел 15-20 м/с күшейеді. 

Ақмола облысының солтүстік-шығысында жел 15-20 м/с күшейіп, күндіз жаяу бұрқасын болады. Шығыс Қазақстан облысының солтүстігінде тұман бақыланып, облыс орталығында жел 15-20 м/с күшейеді. 

Түнде және таңертең Жамбыл облысының солтүстігінде және таулы аудандарында тұман бақыланып, күндіз облыстың солтүстік-шығысында жел 15-20 м/с күшейеді. 

Атырау облысының батысында, солтүстігінде орталығында тұман, көктайғақ күтіледі. Ақтөбе облысының солтүстігінде, батысында көктайғақ күтіледі. Түркістан, Маңғыстау облыстарының солтүстігінде тұман түседі. Алматы облысының Жалаңашкөл ауданында жел 18-23 м/с күшейеді.                                                                                                                                       

Өзгелердің жаңалығы