청와대 Чхонвадэ – Корея президентінің резиденциясы Көк үйден репортаж

청와대 Чхонвадэ – Корея президентінің резиденциясы Көк үйден репортаж

Оңтүстік Корея, Сеул, BAQ.KZ тілшісі. Нұр-Сұлтанда Ақорда, Вашингтонда Ақ үй, Мәскеуде Кремль, ал Корея Республикасының қазіргі президенті отыратын жұмыс орны – Көк үй. Әр елдің басшысы мәртебелі меймандарды қабылдайтын мемлекеттік маңызы бар ғимарат. Осыған орай пресс-тур барысында Оңтүстік Кореяның 12 президенті резиденциясының сырын ашу үшін музейіне арнайы бардық. 

1.jpg

Cheongwadae Sarangchae (Көй үй) – Сеул мен Кореяның өткені, бүгіні және болашақты қалай елестетінін көруге болатын тарихи мемориалдық музей. 



3.jpg

Басында Көк үй (Корея президентінің резиденциясы) Чхонвадэ қоғамдық ақпарат залының үйі «Хеджонг Саранбанг» деп аталды. Ол 2010 жылы қаңтарда күрделі жөндеуден кейін қазіргі жаңа атымен «Көк үй» деп аталып жүр.

4.jpg

5.jpg

Cheongwadae Sarangchae – бірінші қабатында мәдениет және туризм туралы мәлімет беретін көрме залынан тұратын екі қабатты ғимарат.

6.jpg

Екінші қабатта орналасқан Президент залында Кореяның бұрынғы президенттері туралы материалдар орналасқан. Мұнда келушілер фотолардың, визуалды эффектердің көмегі арқылы Кореяның бұрынғы және қазіргі саяси және экономикалық оқиғаларын үйрене алады. Сонымен қатар, Корея тарихының соңғы 60 жылының хронологиясын, сондай-ақ Корея демократизациялану және индустриаландыруға байланысты негізгі шараларын көре алады.

7.jpg

Чхонвадэ (청와대) қазақ тіліне аударғанда Көк үй немесе Оңтүстік Корея президентінің ресми резиденциясы дегенді білдіреді. Корей стилімен салынған. Сонымен қатар, ол Чосон династиясындағы (1392-1897 жылдардағы) король саябағының орнына салынған. Сеулдің Чонногу ауданында орналасқан. Ауданы – 250 000 шаршы метр.

Әр ел президенттерінің, лауазымды тұлғаларының берген сыйлықтары бар. Мынау Моңғолия премьер-министрінің берген сыйлығы.

WhatsApp Image 2019-08-14 at 11.26.17.jpeg


Көк үйде ас ішкенде қолданылатын ыдыстар. Мынау – бұрынғы президентімін Пак Ченхидің отбасы пайдаланған ыдыс-аяқ және президенттің күнделікті жейтін тамағының мәзірі. Оған қарап өте қарапайым ас мәзірі екенін көруге болады.

Халық суретшісі қазір Көк үйде тұрып жатқан иттің суретін салды. Оңтүстік Корея президенті Мун Чжэ Ин Пхенъянға барған кезде Солтүстік Корея президенті Ким Чен Ын оған екі итті сыйға тартты. Солтүстік Кореяның тұқымынан.

9.jpg

Мына иттің аты – Тори. Далада қаңғырып жүрген ит болған. Мун Чжэ Ин оны асырап алған. Қазір Оңтүстік Кореяда 10 млн-нан астам ит иесіз қалған.

11.jpg

Көріп тұрған қақпамыз – Пульло Мун.

Бұл қақпаның түпнұсқасы Чангдокку сарайында тұр. Мұндағы қақпаның көлемі түпнұсқасынан сәл кішілеу. Осы қақпаның нұсқалары бірнеше орында қойылған. Король отбасының ұзақ өмір сүруін тілеп жасалған. Дональд Трамп Кореяға келген кезде оның әйелі Милания Трамп та келді. Оңтүстік Кореяның бірінші ледиі АҚШ-тан келген Миланияға «осы қақпадан өтсеңіз, ешқашан қартаймайсыз» деген болатын. Ал, ол қуана қабылдап, қақпадан өтті. Содан кейін осы қақпа өте танымал болып кетті.

13.jpg


Түпнұсқада қақпаның биіктігі – 2,5 метр.

12.jpg

Орталық саябақ. Бамбук ағаштары. Осы саябаққа балалар жиі келеді. Келгенде пандалар қайда деп сұрайды. Бірақ олар бұл саябақта жоқ.
Корея туризмі туралы көрме залы.

14.jpg


Корея туризм корпорациясы деген ұйым бар. Міне солар 4 мезгілдегі Кореяның фотоларын жинайды. 

15.jpg


Мұндағы фотоларды қарапайым туристер түсірген. Оң жағында авторы мен мекенжайы жазылған.
Ка Бук Ю сарайында тоған бар. Және онда ең ерекше екі қабаттан тұратын ғимараттар салынған.
Мұнда Кореяның ең үздік, әдемі 100 туристік жауһары көрсетілген. Провинциялар мен қалалар жинақталған.

"Кореяға келген шетелдік блогерлер түсірген фотолар. Оларға қарап біз шетелдіктердің біздің елімізге қандай көзқараста екенін біле аламыз", - гид.

WhatsApp Image 2019-08-14 at 12.02.45.jpeg

Бұл бөліктен Кореяда кездесетін ЮНЕСКО мәдени мұраларына жатқызылған құндылықтарды көре аламыз. Негізінен балалар мен мүгедектерге арналған. Сондықтан сәл төмендеу орналасқан. Мұнда балалар мен келушілер мәдени мұраларамыз туралы көңілді жүріп мағлұмат ала алады.

16.jpg

Будда храмы.

Бұл фонда естелік фото түсуге болады. Сенсор адамның қол қимылын түсінеді. Сондықтан ештеңені ұстамай-ақ онлайн фото түсе аласыз және электронды поштаңызға жібере аласыз.

17.jpg

Көк үй резиденциясының басты лоббиі (кіреберіс залы). 

18.jpg


Пошталық естеліктер. Қазір осы жерден ашықхат сатып алсаңыз, бір жылдан кейін осындағы қызметкерлер сізге немесе сіз қалаған басқа біреуге хат жолдайды.

19.jpg

Президент күзет қызметінің зонасы. Олардың қалай жұмыс істейтінін білуге болады.
Виртуалды түрде бір сәтке президент күзетшісі болуға болады. Біреу шабуыл жасаса, қарсылық көрсетесің. Соңында балл жиналады. Сенің қаншалықты мықты күзетші екеніңді көрсетеді.

20.jpg

Мун Чжэ Инге берілген сыйлықтар. Ресей президенті Владимир Путин Чосон династиясының қылышын сыйға тартқан. Оны ресейлік кәсіпкер тендер арқылы сатып алған. Кейін оны Путин Оңтүстік Корея президентіне сыйлайды. Мәдени мұра 100 жылдан кейін қайтып оралды.

21.jpg

Экранда инаугурациялар көрсетіліп тұр. Әзірге Корея Республикасының тарихында барлығы 12 президент бар.

22.jpg

Көк үйдің символы – хризантема мен екі феникс құсы. Корей халқының миф аңыздарынан қалған жануар. Олар үшін феникс үнемі екеу болу керек – әйел және ер феникс. Егер жұп жақсы жетістіктерге жетсе, біз феникс құсы екенін бірден білеміз.

Қытай иероглифтерімен корей халқының хризантеманы жақсы көргені туралы жазылып кеткен. Сондықтан осы жерге хризантеманың суреті қойылған. 

Корея Республикасының алғашқы президенті – Пак Чонхи. Олар бірінші президентін "білім президенті" деп атайды. Соғыстан кейін Корея жерінде түк қалмады. Сол кезде ол білімге мән беруге шақырды. Себебі соғыстан кейін халықтың 22% ғана оқи алатын. Тұңғыш президент тегін мектеп салғызды.

23.jpg

1975 жылы оқи алатындардың саны 87% жетті. 2013 жылы халықтың 98% оқи алатын дәрежеге жетті.
Бұдан әрі бізді Көк үй музейімен таныстырған гидтің мәліметтерін келтірсек.

«Университет түлектерінің 70% 27-30 жас аралағындағы азаматтар болатын. Пак Чонхиге қатысты айтар болсам, 1964 жылы балалар аш қалатын. Олардың 50% астамы түскі ас ішпейтін. Олар мектепке әкелетін нанды жейтін. Экономиканы дамытудың 5 жылдығы саясатын қолға алғаннан кейін 70 жылдары біз ел экономикасын бірден жақсартып алдық.

«Жаңа ауыл» деген қозғалыс пайда болды. Бұл кампания өте сәтті және тиімді болып шықты. Сондықтан Африканың бірнеше мемлекеті осыны қайталауға тырысып келеді. 

70 жылдарда экономика өсімі орташа есеппен 9% жоғары болды. 80 жылдары экономика өсімінің орташа көрсеткіші 9,7% жетті.

Қазір Корея сауда айналымы көлемі жағынан 8-орында және экономика көлемі жағынан 11-орында тұр. Пак Чонхи басқарған кезде ең негізгі автожолдар салынды. Сонымен қатар, кеме жасау мен ауыр индустрия саласында бизнесті дамыту қарқынды түрде жүрді. Базалық инфрақұрылымдар, бизнес саласында да база құрып, елімізді саудасы дамыған елдердің қатарына кіргізе алдық», - деді ол.

24.jpg

WhatsApp Image 2019-08-14 at 12.12.53.jpeg

Корея президентінің жұмыс үстелі және көлігі.

25.jpg

Мен бір сәт Оңтүстік Корея президенті «болып көрдім» де, бірден бұйрық бердім.


Алло, мені Солтүстік Корея президенті Ким Чен Ынмен қосыңыз!

Бөлісу:

Фото: Гүлжан РАМАНҚҰЛОВА