Чилиде ондаған үй мен ғимарат өртеніп кетті

20 Ақпан 2022, 16:50
1255
Бөлісу:
Чилиде ондаған үй мен ғимарат өртеніп кетті

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Чилидің Сан-Фернандо қаласында өрт шығып, 25 үй мен ғимарат отқа оранып, тып-типыл болып жанған, деп хабарлайды «Хабар 24». 

Оқиғадан 100-ден аса адам жапа шекті. Өрттің неден шыққаны әлі белгісіз. 

Тұрғындар от ағаш дайындайтын зауыттан таралған болуы мүмкін деп отыр. Қазір апаттың себептері анықталып жатыр. Жергілікті билік жапа шеккендерге жан-жақты көмек көрсетілетінін айтады.

 

Өзгелердің жаңалығы