Чилиде автобус пен жүк көлігі соқтығысып, 12 адам қаза тапты

Тағы 15 адам жарақат алып, ауруханаға жеткізілді.

 Reuters 8 Қараша 2026, 17:49
8 Қараша 2026, 17:49
207
Фото: Reuters

Чилидің орталық бөлігінде жолаушылар автобусы, самосвал және жеңіл көлік қатысқан жол апатынан кемінде 12 адам қаза тапты. Тағы 15 адам жарақат алып, ауруханаға жеткізілді.

Жергілікті БАҚ-тың хабарлауынша, жол-көлік оқиғасы ел астанасы Сантьягоның батысындағы Вальпараисо өңіріне қарасты Санто-Доминго муниципалитетінде, Ruta de la Fruta тасжолында болған.

Қаза тапқандар санын президенттің өңірдегі өкілі Мануэль Мильонес растады.

Қазір апаттың мән-жайы мен себептері анықталып жатыр.

Наверх