Чили тұрғынынан құс тұмауы анықталды

31 Наурыз 2023, 08:45
755
Бөлісу:
Чили тұрғынынан құс тұмауы анықталды
Фото: egemen.kz

Чили тұрғыны алғаш рет құс тұмауын жұқтырды. Бұл туралы елдің Денсаулық сақтау министрлігі мәлімдеді, деп хабарлады BAQ.KZ.

Вирус 53 жастағы ер адамнан анықталған. Науқастың жағдайы ауыр инфекцияны қандай жағдайда жұқтырғаны әзірге белгісіз, - дейді дәрігерлер. Бұған дейін Чили үкіметі құс етін экспорттауға шектеу қойған еді. Індет Латын Америкасының бірнеше еліне тараған.

Құс тұмауы елдің солтүстігіндегі қала тұрғынынан анықталды. Науқастың өкпесі қабынып, тыныс алуы қиындаған. Сараптама нәтижесі Мемлекеттік денсаулық сақтау институтына жіберіліп, дәрігерлердің күдігі толығымен расталды. Қазір эпидемиологиялық топ инфекцияның жұғу себебін зерттеп жатыр, – деді Чилидің Денсаулық министрі Химена Агилера.

Өзгелердің жаңалығы