Черчесовтің қызметінен кететіні рас па?

Қазақстан футбол федерациясы Черчесовтің қызметінен кететіні жөніндегі ақпарат жалған екенін мәлімдеді, деп хабарлайды BAQ.KZ.

24 Желтоқсан 2024 2024, 16:56
АВТОР
 ҚФФ 24 Желтоқсан 2024 2024, 16:56
24 Желтоқсан 2024 2024, 16:56
633
Фото: ҚФФ

Қазақстан футбол федерациясы Черчесовтің қызметінен кететіні жөніндегі ақпарат жалған екенін мәлімдеді, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Футболдан Қазақстан ұлттық құрамасының бас бапкері Станислав Черчесовтың қызметінен кетуі туралы кейбір бұқаралық ақпарат құралдарында жарияланған ақпарат шындыққа жанаспайды. Қазіргі таңда Станислав Черчесов Ұлттық құраманың бас бапкері қызметін жалғастырып, Қазақстан футбол федерациясымен келісімшарт бойынша жұмыс істейді, - делінген хабарламада.

Қазақстан футбол федерациясының баспасөз қызметі тек ресми ақпарат көзіне, федерацияның ресми сайты мен әлеуметтік желілерінде жарияланған ақпаратқа сенуге шақырады.

 

Наверх