Қазақстанның соңғы жаңалықтары

Чемпиондар лигасы: "Қайрат" өз матчтарын Астанада ойнайтын болды

Нұрқанат Атажан
18 Қараша 2025, 16:20
389
Бөлісу:
 "Қайрат" ФК
Фото: "Қайрат" ФК

"Қайрат" футбол клубы Астанада өтетін Чемпиондар лигасы матчтарына билет бағаларын жариялады, деп хабарлайды Алматыдағы BAQ.KZ тілшісі.

Алматылық клубтың мәліметінше, билеттердің құны 15 мың теңдеген 50 мың теңгеге дейін болады.

“Қайрат” УЕФА-мен бірлесіп, УЕФА Чемпиондар лигасының жалпы кезеңіндегі “Олимпиакосқа” (9 желтоқсан) және “Брюггеге” (20 қаңтар) қарсы өз алаңындағы матчтарды “Астана Арена” стадионына көшіру туралы шешім қабылдады.

Еуропаның басты турниріндегі төрт матчта Рафаэль Уразбахтиннің құрамасы бір ұпай жинады. Алматылықтар кипрлік “Пафоспен” 0:0 есебімен тең ойнаған еді.

Бұған дейін “Арсенал” мен “Қайрат” матчының билет бағасы жарияланды.

Өзгелердің жаңалығы