Чемпион: Анам жеке бапкерім сияқты

15 Тамыз 2023, 12:42
1737
Бөлісу:
Чемпион: Анам жеке бапкерім сияқты
PHOTO
Фото: Кейіпкердің жеке мұрағатынан

Биыл Қытайдың Чэнду қаласында өткен XXXI жазғы Универсиада ойындарында спортшыларымыз біршама жетістікке жетті. Жарыстың алғашқы күнінде Қазақстан қоржынына алғашқы алтынды салған таеквондодан 46 келі салмақ дәрежесінде Рита Бакишева болды. Осы орайда Ритамен жарыстың қалай өткені жайлы сұхбаттасқан едік, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

  -  ХХХI Жазғы универсиада ойындарында алтын алдыңыз. Дайындық қалай өтті?

Дайындық жақсы өтті деп айтуға болады. Жеке бапкерім Айбол Оразханұлымен бірге күнделікті жаттығуымызды жасап жүрдік. Жеңіске жету үшін бар күш-жігерімізді салдық.

Чемпион: Анам жеке бапкерім сияқты

  -  Жарыстағы басты қарсыласыңыз кім болды?

Шыны керек барлық спортшы осал емес деп айтар едім. Бірақ 2 спаринг кезінде кореялық спортшы мықтырақ болған сияқты. Ол 2018 жылғы Әлем чемпионы атанған. Жалпы сол спортшымен болатын спаринг мен үшін өте маңызды болды. Бірақ ол қанша жерден мықты болса да мен өзімді дәлелдеуім керек деп ойладым. Қалайда болсын қолдан медальді жіберіп алмау керек деген ой тұрды. Алтын аламын деп өзіме сендім. Сенімім алдамады. Ел үмітін ақтадым!

Чемпион: Анам жеке бапкерім сияқты

 - Таеквондомен қашаннан бастап айналысасыз? Таңдауыңыз неліктен бұл спортқа түсті?

Бұл спортпен 9 жасымнан бастап айналысамын. Ең алғаш бұл спортқа алып келген менің әкем! Негізінен қай спортқа баратынымызды ұзақ таңдадық. Биге де барып көрдім. Бірақ бір күні әкем досынан таеквондо деген спорттың бар екенін естіп, мені алып келді. Жеке бапкерім де өте жылы қарсы алды. Оның үстіне сол спортқа да икемім жақсы болды. Содан бастап осы спортқа қатты берілдім.

Чемпион: Анам жеке бапкерім сияқты

 -  Спортшы үшін дайындықтың маңызы зор. Жаттығу жұмыстарына қанша уақытыңызды жұмсайсыз?

Иә, дұрыс айтасыз. Спортта белгілі бір жетістікке жету үшін еңбек пен үздіксіз жаттығу керек. Соның арқасында ғана өз қалауыңды орындай аласың. Бүгін залға келдім, ертең чемпионмын деген болмайды. Сол сияқты біз де жаттығуды үзбей уақытында жасаймыз. Күніне 2 сағаттан 2 уақыт жаттығу болады.

Чемпион: Анам жеке бапкерім сияқты

 -  Таеквондо спорты қыз бала үшін оңай емес. Жарақат алып қалатын сәттер жиі бола ма?

Ешқандай жеңіс оңай келмейді деп ойлаймын. Иә жарақаттар жиі болады,бірақ бәріне шыдау керек. Басында анам бұл спортқа келуіме қарсы болған. Оның үстіне қыз баласы болған соң уайымдайды. Кейін уақыт өте келе бәрін түсініп, қазір менің жеке бапкерім сияқты жүреді.

 -  Отбасыңыз туралы айта кетсеңіз. Спортқа кім жақын?

Отбасымда 3 адамбыз. Анам, әкем және мен. Мен үйдің ерке жалғыз қызымын. Үйде спортқа әкем жақын, кішкентай кезінде каратэ үйірмесіне қатысқан. Бірақ қазіргі уақытта үйде барлығымыз спортқа жақын болып кеттік.

 -  Осы жылы біраз жетістіктерге жеттіңіз. Алдағы жоспар қандай?

Алда жоспарлар көп. Бұйырса, Әлем чемпионаты, Азия ойындары және тағы басқа жарыстар бар. Бұл жеңіспен тоқтап қалмаймыз, әрі қарай жұмыс істей береміз. Бұданда биік жетістіктерге жетемін деп мен сенемін!

Чемпион: Анам жеке бапкерім сияқты

 -  Осы спорт түрінен Олимпиадада неліктен жүлдеге іліне алмай жүрміз. Қалай ойлайсыз?

Шыны керек өзімде түсіне алмаймын. Оны тек сол Олимпиада төріне шыққан спортшы ғана түсінеді деп ойлаймын. Бәлкім қатты уайымдайтын болар. Ал, сол уайым адамды жеп қоятын сияқты көрінеді. Маған сенген қанша қолдаушыларым, ата анам көріп отыр деген уайым болады. Ол нәрсе адамның өзінің санасында деп ойлаймын. Қашан біз өзімізді , өзіміздің уайымызды жеңіп шығамыз мүмкін сол кезде жүлде болатын шығар.

 -  Сізді жігерлендіретін сөз қандай?

Анамның сөздері әрқашанда жігерлендіріп отырады. Жарыстан жеңіспен оралсаң да, жеңіліспен оралсаң да мен үшін әрқашанда чемпионсың деп айтады. Сол сөздерінен соң барлық уайымым жоқ болатын сияқыт. Әрі қарай жұмыс жасауға күш-қуат береді! Екінші, жеке бапкерімнің қолдауы өте зор. Спортшы мен бапкер бір-бірін сезеді деген рас нәрсе деп ойлаймын. Әрқашан даянқа шыққан сайын менде уайым болады , сол уайымды жеңіп шығу сол бапкерімнің арқасы. Бұл кісілерге алғысым шексіз!

 -  Уақыт бөліп, сұхбат бергеніңізге рақмет!

Өзгелердің жаңалығы