Қазақстанның соңғы жаңалықтары

Челябіде апаттың салдарынан 140 үй жылусыз қалды

9 Қаңтар 2019, 12:34
2228
Бөлісу:

Астана, baq.kz. Челябіде жылу жолындағы апаттың салдарынан 140 астам көппәтерлі тұрғын үй, 16 балабақша мен мектеп жылусыз, ыстық сусыз қалып отыр. Бұл туралы қала әкімшілігінің баспасөз қызметі мәлімдеді.

9 қаңтар күні Челябідегі ауа температурасы -19 градусты көрсетіп тұр. Жел – секундына 1-2 метр.

«Бүгін 9 қаңтарда, сағат 10.00 (жергілікті уақыт – ред.) жылу жолындағы үлкен апатты жою үшін Металлургиялық ауданының солтүстік аумағында ыстық су мен жылу өшіріледі. 149 көппәтерлі тұрғын үй, 195 жеке сектор үйі, 16 бала-бақша, 16 білім беру мекемесі мен 36 әкімшілік ғимарат жылусыз қалды», - делінген хабарламада.

Өзгелердің жаңалығы