Чехияда зейнетке шығу жасы ұлғайды

Бөлісу:
Чехияда зейнетке шығу жасы ұлғайды
Фото: архив

Чехияда зейнет жасы ұлғайды. Ел Президенті Петр Павел оны 65-тен 67 жасқа дейін ұзартып, тиісті реформаға қол қойды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Бұл туралы жергілікті БАҚ жазды.

Бекітілген заң бойынша 1965 жылдан туған адамдар үшін зейнеткерлікке шығу жасы жыл сайын бір айға ұзарып отырады. Бұл үдеріс 24 жылға жалғасады. Сол кезде 1989 жылы туғандардың зейнеткерлік жасы 67-ге жетеді. Ал 2026 жылдан бастап кейінгі 10 жыл ішінде зейнетақыларды есептеу қысқартылған түрде жүргізіледі.

Үкімет жаңартылған реформа 40-қа толмаған азаматтарға лайықты зейнетақы төлеу үшін қажетті қаражат көлемін қамтамасыз етуге мүмкіндік береді дейді.

Өзгелердің жаңалығы