Чехияның солтүстік-батысындағы Либерец қаласында найзағайдан 15 адам, оның ішінде балалар да зардап шекті, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Бұл туралы 2 маусымда Idnes ақпараттық басылымы хабарлады.
Оқиға қалалық саябақтардың бірінде болған.
10-нан 15-ке дейін адам жарақат алды, олардың кейбірі есін жоғалтты, дәрігерлер оларды қалпына келтіруге мәжбүр болды, - делінген хабарламада.
Бес бала мен сегіз ересек адамға медициналық көмек көрсетілді. Полиция жараланғандардың саны 15 адамға жеткенін хабарлады.