Чехия Қазақстанға тағы 40 бас жылқы тұқымын бергелі отыр

21 Қазан 2024, 12:24
506
Бөлісу:
Чехия Қазақстанға тағы 40 бас жылқы тұқымын бергелі отыр
Фото: Жасанды интеллект

Премьер-министрдің орынбасары – Сыртқы істер министрі Мұрат Нұртілеу мен Чех Республикасының Сыртқы істер министрі Ян Липавский кездесті, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Чех Сыртқы істер министрі екі ел арасында энергетика, инжиниринг, су шаруашылығы сияқты салаларда өзара ықпалдастық дамып келетінін атап өтті.

Чехия Қазақстанға тағы 40 бас жылқы тұқымын бергелі отыр

Белгілі бір нәтижелер де бар. Skoda, Total Eng сияқты компаниялар Қазақстан нарығында баяғыдан жұмыс істеп келеді. Тағы екі компания жуықта Қазақстанда жұмыс істеп бастайды. Біз, сондай-ақ, жер қойнауын игеру, жеткізу тізбегіндегі аса маңызды шикізат материалдарын өндіру салаларындағы әріптестіктің зор әлеуетін көріп отырмыз. Бұл бағыттар біздің әріптестіктің тағы бір маңызды бағыты болады деп үміттенеміз, - деді Липавский.

Чехия министрі ғылым саласындағы бірлескен жұмыстардың нәтиже беріп жатқанын айтады.

Бүгінгі кездесу кезінде ғылыми зерттеу, бизнес байланыстарды дамыту мәселесінде әріптестікті нығайту туралы келісімге келдік. Сондай-ақ, Астанада Чех және Қазақстан Республикаларының арасында бірлескен зерттеу институтын құрмақшымыз. Пржевальский жылқысының тұқымын Қазақстанда жандандыру жобасының сәтті іске асырылып бастағанын атап өткім келеді. Бұл жылқы тұқымы Қазақстанда да танымал болады деп үміттенемін. 2024 жылдың шілде айында Прагадан Қазақстанға алғашқы жеті жылқы жіберілген. Келесі жылы 30-40 бас жылқы тағы жіберу жоспарланып отыр. Біз Қазақстандағы жылқы тұқымын түрлендіруге көмектесеміз, керқұландарды Қазақстанға оралтамыз деп үміттенеміз, - деді Ян Липавский Сыртқы істер министрлігінде өткен баспасөз мәслихатында.

Өзгелердің жаңалығы