CENTCOM: Иран порттарына бет алған 70 кеменің бағыты өзгертілді

Бұдан бөлек, үш кеме істен шығарылып, тағы екі кемеге АҚШ әскери қызметшілері мінген.

 depositphotos.com 24 Тамыз 2026, 05:18
24 Тамыз 2026, 05:18
105
Фото: depositphotos.com

АҚШ Қарулы күштері Иран порттарына қатысты теңіз блокадасы қайта басталғаннан бері 70 коммерциялық кемені қайта бағыттағанын мәлімдеді. Бұл туралы АҚШ Орталық қолбасшылығы (CENTCOM) хабарлады.

CENTCOM дерегінше, 23 тамыздағы жағдай бойынша америкалық күштер 70 кемені бағытын өзгертуге мәжбүрлеген. Бұдан бөлек, үш кеме істен шығарылып, тағы екі кемеге АҚШ әскери қызметшілері мінген.

АҚШ Иран порттарына қатысты теңіз блокадасын 14 шілдеде қайта бастаған. Вашингтон бұл шараны Иранға бағыт алған немесе оның порттарынан шыққан кемелердің қозғалысын шектеу үшін қолданып отыр.

CENTCOM мәліметі бойынша, блокада талаптарының орындалуын қамтамасыз ету операциясы жалғасуда. Бұл шаралар Парсы шығанағы мен Ормуз бұғазындағы шиеленіс сақталып тұрған кезеңде жүзеге асырылып жатыр.

Наверх