Астанада апта сайын бейімделгіш дене шынықтыру бойынша сауықтыру жаттығулары және ерекше қажеттіліктері бар адамдар үшін арбамен баскетбол жаттығулары өткізіледі, деп хабарлайды BAQ.KZ елорда әкімдігіне сілтеме жасап.
Жаттығулар 30 мамырдан 1 қыркүйекке дейін «Арқар» көпірінің астындағы Триатлон саябағында тегін өткізіледі.
Жаттығу апта сайын, жұма күндері, сағат 19.00-ден 20.00-ге дейін кәсіби жаттықтырушының сүйемелдеуімен өтеді. Жас шектеуі жоқ, - делінген әкімдіктің ақпаратында.