Профессионал. Әуежай сақшысы Турман

21 Ақпан 2019, 10:55
4860
Бөлісу:
Профессионал. Әуежай сақшысы Турман
PHOTO

Астана, BAQ.KZ тілшісі. Бүгін қалаған уақытыңда әлемнің кез-келген жеріне ұшып бара алатындай жағдайға жеттік. Ұшақтар көбейіп, рейстер ашылып, әуежайлар да кеңейіп жатыр. Сәйкесінше жолаушылар легі де артып келеді. Авиация дамыған сайын осы саланың қауіпсіздік қызметі де қатар жүріп, тіпті бір қадам алда келе жатыр. Себебі кішкентай ғана қателік жолаушылардың өміріне қауіп төндіруі мүмкін. Ондай қатенің болмауына, адамдардың еш алаңсыз сапарлауына үлес қосып жүргендердің ішінде... иттер де бар. BAQ.KZ тілшісі иісшіл жануарлардың жұмысымен танысу үшін Астанадағы Нұрсұлтан  Назарбаев халықаралық әуежайына барған еді. Инспектор-кинолог Дарья Журавлева тілшіге итпен қызметтес болу қалай екенін айтып берді.

 BAQ.KZ тілшісі иісшіл жануарлардың жұмысымен танысу үшін Астанадағы Нұрсұлтан Назарбаев халықаралық әуежайына барған еді. Инспектор-кинолог Дарья Журавлева тілшіге итпен қызметтес болу қалай екенін айтып берді.

BAQ.KZ: Нұрсұлтан Назарбаев әуежайында жұмыс істегеніңізге қанша уақыт болды?
- Әуежайда жұмыс істегеніме екі жыл болды. Кинология бөлімі ашылғаннан бастап еңбек етіп келемін.
BAQ.KZ: Бұл салаға қалай келдіңіз?
- Мен жануарларды бала кезімнен жақсы көремін. Бұл сала маған жақын, өзіме ұнайды, өте қызықты мамандық. Әрдайым жануарлармен араласасың. Біздің үйімізде иттер әрдайым болған, соларды үйрететінбіз. Кейіннен кәсіби академияда білім алып, осында жұмысқа келдім.
 BAQ.KZ тілшісі иісшіл жануарлардың жұмысымен танысу үшін Астанадағы Нұрсұлтан Назарбаев халықаралық әуежайына барған еді. Инспектор-кинолог Дарья Журавлева тілшіге итпен қызметтес болу қалай екенін айтып берді.

Инспектор-кинолог Дарья Журавлева

BAQ.KZ: Қай жерде оқыдыңыз?
- Алматы қаласындағы Кинология академиясы осы салада білім береді. Сол жерде мамандар үш ай оқытылады. Бұған қоса, итіммен бірге міндетті түрде біліктілікті арттыру курстарынан өтіп тұрамыз. Мысалы, есірткі бойынша, жарылғыш заттар бойынша жеке-жеке курстар өткізіледі.
BAQ.KZ: Кәсібіңіздің негізгі міндеті қандай, немен айналысасыз?
- Жұмысымыздың негізгі міндеті – қауіпсіздікті қамтамасыз ету, жарылғыш, қауіпті заттарды анықтау. Мысалы, қазір әуежайдың жүк терминалындағы жүктерді тексерудеміз. Біз ұшақпен тасымалданатын заттарды міндетті түрде осылай тексеруден өткіземіз.
BAQ.KZ: Ұшар алдында ұшақты да тексеріп шығасыздар ма?
- Міндетті түрде тексереміз.
 BAQ.KZ тілшісі иісшіл жануарлардың жұмысымен танысу үшін Астанадағы Нұрсұлтан Назарбаев халықаралық әуежайына барған еді. Инспектор-кинолог Дарья Журавлева тілшіге итпен қызметтес болу қалай екенін айтып берді.
BAQ.KZ: Қазіргі кездегі басты қауіп?
- Әрине, бірінші кезекте – жарылғыш заттар. Қазір өкінішке қарай, әлемде терроризм белең алып отыр. Екінші қауіп – қару-жарақ. Ұшақ бортына қарудың ешбір түрін кіргізуге болмайды. Бұл адамдардың өміріне аса қауіпті.
 BAQ.KZ тілшісі иісшіл жануарлардың жұмысымен танысу үшін Астанадағы Нұрсұлтан Назарбаев халықаралық әуежайына барған еді. Инспектор-кинолог Дарья Журавлева тілшіге итпен қызметтес болу қалай екенін айтып берді.
BAQ.KZ: Күнделікті қызметіңізді сипаттап берсеңіз.
- Әуежайда төрт кинолог пен төрт ит бар. Әр кинолог өз итімен жұмыс істейді. Біз ауысыммен қызмет етеміз. Жұмысқа келген соң итімізбен әуежай аумағын аралап, мұндағы терминалдар, жүк бөлімі, көлік тұрақтары, жақын жерде орналасқан барлық нысандарды тексеріп шығамыз. Бос уақытымызда итпен жаттығулар жасап, ойнаймыз. Қысқасы, ауысым бойы жануармен бірге боламыз.
 BAQ.KZ тілшісі иісшіл жануарлардың жұмысымен танысу үшін Астанадағы Нұрсұлтан Назарбаев халықаралық әуежайына барған еді. Инспектор-кинолог Дарья Журавлева тілшіге итпен қызметтес болу қалай екенін айтып берді.
BAQ.KZ: Иттерді осы әуежай аумағында ұстайсыздар ма?
- Иә, иттерді осында ұстаймыз. Оларды арнайы азықпен тамақтандырамыз, күтеміз.
BAQ.KZ: Жануарлар  қылмыскерді, күдікті адамды не затты бірден анықтай ма?
- Әрине. Біз әрдайым имитаторларды ауыстырып, оларға жаңа иістерді сезуге мүмкіндік береміз. Иттеріміздің біліктілігі өте жоғары. Біз оларға 100 % сенеміз.

BAQ.KZ: Итіңіз жайлы әңгімелеп беріңізші.

- Итіммен жұмыс істегеніме екі жыл болды. Әуежайға келгеннен бастап біргеміз. Ол – бельгиялық малинуа овчаркасы, аты –  Турман. Әуежайда Бельгия овчаркаларымен қоса, неміс овчаркалары да бар. Олардың иіс сезу қабілеті жақсы дамыған.
BAQ.KZ: Тез түсінісетін шығарсыздар?
- Біз оларға бұйырып сөйлемеуге тырасамыз. Әрине, иттер аса сезімтал. Олар эмоцияны, көңіл-күйді бірден сезеді. Турман мені бірден түсінеді, мен де оның көңіл-күйін сеземін. Иттің жүріс-тұрысынан ақ білуге болады. Мысалы, кейде жануардың бір жері ауырып, жұмыс істейтін жағдайда болмауы мүмкін.
BAQ.KZ: Ит пен иесінің мінезі үйлесу керек пе?
- Әрине. Ит пен кинолог - біртұтас дүние. Уақыт өте келе жануар иесіне тартып, соған икемделіп кетеді. Дегенмен өзіңе сай келетін итті таңдаған дұрыс. Сонда жануарға да, өзіңе де бірлесіп жұмыс істеуге қолайлы болады.
 BAQ.KZ тілшісі иісшіл жануарлардың жұмысымен танысу үшін Астанадағы Нұрсұлтан Назарбаев халықаралық әуежайына барған еді. Инспектор-кинолог Дарья Журавлева тілшіге итпен қызметтес болу қалай екенін айтып берді.
BAQ.KZ: Турманды қалай үйретесіз?
- Оны ойын, ойыншық арқылы үйретемін. Ит тек ойыншық үшін жұмыс істейді. Турманның сүйікті ойыншығы - доп. Жақсы жұмыс істесе сол сүйікті добын береміз. Добы әбден тістелген болса да, өзі соны ұнатады.
BAQ.KZ: Өз тәжірибеңізде қандай да бір қауіпті заттар таптыңыз ба?
- Бір жақсысы, жарылғыш заттар тапқан жоқпыз. Ал бірнеше рет қару-жарақ таптық. Инкассаторларды да жиі ұстап қаламыз. Себебі ақша, бағалы әшекейлер тасымалдайтын инкассаторлар қарумен жүреді. Ит мұны бірден сезіп қойып, белгі береді. Ал қандай белгі беретінін айтуға болмайды, ол  құпия.
BAQ.KZ: Қауіпті заттар қай уақытта жиі анықталады?
- Аң аулау маусымында жұмыс көбейеді, сол кезде аңшылар жол жүре бастайды. Ал біз олардың қару-жарағын тауып аламыз.
BAQ.KZ: Қатты аяз немесе аптап ыстық иттердің жұмысына әсер ете ме?
- Әрине, жұмысқа әсер етеді. Біз ондай ауа райында иттерді көп қинамауға тырысамыз.
BAQ.KZ: Қажет кезде қасыңызда ит болмай қалса, қалай жұмыс істейсіз?
- Бізде иістерді анықтайтын арнайы аппараттар бар, соларды пайдаланамыз. Дегенмен бұл технологиялар иісшіл итті алмастыра алмайды. Иттің иіс сезу қабілетінен артық ешқандай технология жоқ.
BAQ.KZ: Дегенмен, қазір қылмыскерлер де айласын асырып кетпекші болады ғой?
- Иә, сол себептен біздің иттер жыл сайын қайта даярлықтан өтеді. Біз оларға жаңа иістерді үйретеміз, сондықтан уайымдамаңыздар. Мысалы, былтыр әуежаймызға Болгариядан кәсіби кинолог келіп кетті. Ал биыл тәжірибелі астаналық кинолог келді. Бұған қоса, осы жылы әуежайдың кинолог мамандары Алматыға барып, біліктілігін арттырып қайтты.
BAQ.KZ: Иісшіл иттер қанша жастан бастап үйретіледі?
- Олар шамамен 4 айлығынан бастап үйретіледі. Бастапқыда ойынмен жаттықтырамыз. Ал 1-1,5 жасқа келгенде иттер жұмысқа кірісе алады. Бұл жануарларға 6-8 жасқа келгенше жұмыс істеуге болады. Қызмет ету уақыты иттің жағдайына байланысты. Ал жұмысы аяқталған соң «зейнетке» шығады, негізінен оларды кинолог мамандар үйіне алып кетеді.
BAQ.KZ: Итпен жұмыс істеудің басты артықшылығы неде?
- Ит ешқашан сатқындық жасамайды, артыңнан жаман сөз айтпайды. Мен «ит - адамның досы» деген сөзбен 100 процент келісемін. Мысалы, үйде біреумен ұрысып қалып, жұмысқа келсең, ит сені қуанып қарсы алады. Біраз құшақтасып отырғаннан кейін түк болмағандай көңіл күйің көтеріліп, жұмысқа қайта кірісе бересің.
BAQ.KZ: Қазір еліміздегі кинология саласы қандай деңгейде?
- Астанада кинология әлі дұрыс дамымаған. Мен бұл саланың жағдайы әлі де жақсарып кетеді деп ойлаймын.

 BAQ.KZ тілшісі иісшіл жануарлардың жұмысымен танысу үшін Астанадағы Нұрсұлтан Назарбаев халықаралық әуежайына барған еді. Инспектор-кинолог Дарья Журавлева тілшіге итпен қызметтес болу қалай екенін айтып берді.
BAQ.KZ: Кәсібіңіз өзіңізге ұнай ма?
- Иә, өте ұнайды. Түрлі тұқымдас иттермен жұмыс істеген қызықты. Меніңше, адамдар иттің де адам сияқты тірі жан екенін ұмытпауы керек. Оған зат сияқты қарамай, адамға қарағандай күту қажет. Итті асырауға алып, ойнап-ойнап, тастай салмау керек. Ал өзіме келсем, маған әрі қарай әлі даму қажет. Болашақта жеке Кинология орталығымды ашқым келеді. Сондай тамаша жоспарым бар.
BAQ.KZ: Сұхбатыңызға көп рахмет. Іске сәт!
Қымбат Елтайқызы

Фото: Бауыржан Жуасбаев

Өзгелердің жаңалығы