Астана, BAQ.KZ. Елімізде жылына 36 мың адамға қатерлі дерт диагнозы қойылса, осы дерттен жыл сайын 15-17 мың адам көз жұмады. 4 ақпан – дүниежүзілік қатерлі ісікке қарсы күрес күні. Бұл дерттің пайда болу себептері мен алдын алу жолдары қандай? Не себепті аты жаман ауруға шалдыққан адамдар мүмкіндігінше шетелде емделуге тырысады? Қазақстан Республикасының Ұлттық бағдарламаны іске асыру шеңберінде қандай скринингтер жүргізіледі? Осы тақырыпқа қатысты және басқа да сұрақтарға Қоғамдық денсаулық сақтау Ұлттық орталығы директоры орынбасарының міндетін атқарушы Зарина Керуенова жауап берді.