Астана, baq.kz тілшісі. Елордада жастар мәселесін шешуге арналған «2019»
нөмірімен call-center іске қосылды. Бұл туралы Астана қаласының әкімі Бақыт Сұлтанов мәлім етті.
Алдымен ол 2019 жылды Елбасы «Жастар жылы» деп жариялағанын атап өтті.
«Қазіргі уақытта «Астана жастары-2019» атты өңірлік Жол картасы әзірленді.
Құжат 11 өзекті бағытты қамтитын 90 жобаны құрайды. Бұл - жастар инфрақұрылымын дамыту, білім беру, жұмыспен қамту, денсаулық сақтау, қолжетімді баспана, бизнесті дамыту және қаржылық сауаттылық, талантты жастарды қолдау және тағы да басқа маңызды салалар», - деді Бақыт Сұлтанов Астана қаласы активінің отырысында.
Осы орайда қала әкімі шаһарда жастардың мәселесін шешуге арналған call-center іске қосылғанын хабарлады.
«Қазіргі уақытта біз Астанада алғашқылардың бірі болып «2019» қысқа нөмерімен call-center жұмысын іске қостық. Ол жастарға жұмысқа орналасу, кәсіпкерлікпен айналысу, тұрғын үй алу және білім беру мәселелелері бойынша жан-жақты құқықтық консультациялық кеңестер береді», - деп түйіндеді сөзін ол.
Айта кетейік, осыған дейін елордада үлескерлердің мәселесі толығымен қашан шешілетінін хабарлағанбыз.
Астанада жастар мәселесіне арналған call-center іске қосылды
Келесі жаңалық
Бокстан Азия чемпионатына баратын ерлер құрамы белгілі болды
Өзгелердің жаңалығы