"БЖЗҚ" АҚ әрбір салымшы мен алушының жинақтау тарихындағы негізгі оқиғалар туралы ақпарат беретін Push-хабарламалардың жаңа цифрлық қызметін іске қосты, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Қазіргі уақытта бұрын іске асырылған зейнетақы жарнасының түскендігі туралы хабарламаларды жіберумен қатар мынадай маңызды оқиғалар бойынша хабарламалар жолдана бастады:
- жинақтаушы зейнетақы жүйесіне қосылуы, яғни жеке зейнетақы шотының ашылғандығы;
- 18 жасқа толуы;
- зейнет жасына толуы, сәйкесінше, міндетті зейнетақы жарналары есебінен зейнетақы төлемдерін алу құқығының туындауы;
- ерікті зейнетақы жарналары есебінен зейнетақы төлемін алу құқығының туындауы;
- міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары есебінен зейнетақы төлемін алу құқығының туындауы;
- зейнетақы жинақтарының жеке жоспарын іске асыру мониторингі;
- туған күнмен құттықтау.
Ұсынылған сервистерді БЖЗҚ мамандары салымшылардың қалауы мен ең көп сұранысқа ие зейнетақы қызметтерін зерделеу негізінде әзірледі.