Мәжіліс депутаты Марат Башимов Денсаулық сақтау министрлігінің бұйрығына қарсы шығып, ұсынысты қарастырмау керегін айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
Еске сала кетсек, зейнетақы қоры тіс емдетуге берілетін бір реттік төлемге уақытша тыйым салмақ. Бұл ақпарат Ашық НҚА порталына Денсаулық сақтау министрлігінің бұйрығының жобасы жарияланды.
Әлеуметтік желісінде депутат “Денсаулық сақтау министрі Ақмарал Әлмағамбетова кім үшін жұмыс істейді?” деп жазған. Осы арқылы депутат Ақмарал Әлназарованы меңзесе керек.
Одан әрі Башимов мұндай шешім неге халық мүддесіне қарсы екенін айтып, бірнеше аргумент тізді.
Депутат қазақстандықтар үшін тіс емдеу арманға айналып бара жатқанын айтады.
Қарапайым халық мұндай шешімге таңқалды. Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев жинақталған зейнетақы қаражатын тіс емдеуге жұмсауға рұқсат бергенде қуанып еді. Бұл сол кезде халық үшін маңызды әрі қажет болды, - деп жазады Башимов.
Ұсыныс бойынша БЖЗҚ қаражаты енді тек балаларды емдеуге жұмсалмақ. Алайда, депутат бұған да келіспейді.
Оның айтуынша, ата-аналар бүкіл қажетті анықтамаларды жинап әуреленеді кейін бюрократияға тап болады.
Марат Башимов бұйрық күшін жою керегін атап өтті.
Адам және азамат құқықтарының мүдделеріне қайшы келетін бұл бұйрықтың күшін жою қажет, - деп түйіндеді сөзін ол.
Еске сала кетейік,осыған дейін зейнетақы қоры тіс емдеуге берілетін бір реттік төлемді тоқтататыны туралы жазғанбыз.