Бюллетень бойынша 82 552 адам дауыс берді – Әлібек Әлденей

4 Қазан 2020, 12:40
1709
Бөлісу:
Бюллетень бойынша 82 552 адам дауыс берді – Әлібек Әлденей

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Бұл туралы Facebook-тегі парақшасында «Nur Otan» партиясының хатшысы Әлібек Әлденей жазды.

Кеше, 3 қазанда 08:00-ден 14:00-ге дейін интернетке қосылу мүмкіндігі жоқ 643 елді мекенде қағаз бюллетеньдер бойынша дауыс беру өтті. Бұл елді мекендер республикалық деңгейдегі қалаларды қоспағанда еліміздің барлық өңірлеріндегі шалғай аудандарда орналасқан. Бұл «Nur Otan» партиясының барлық мүшелерінің сайлау құқығын іске асыру үшін жасалған.

Жалпы, бюллетень бойынша 82 552 адам дауыс берді.

Ол үшін арнайы сайлау учаскелері ашылды. Учаскелерде кандидаттардың сенімді өкілдері – бақылаушылар жұмыс істеді. Аймақтың Ұйымдастыру комитеттерінің мәліметі бойынша дауыс беру Праймериз өткізу ережелерін бұзбай және барлық санитарлық нормаларды қатаң сақтай отырып өтті, - деп жазды Әлібек Әлденей. 
Тиісті учаскелік есеп комиссияларының өкілдері есептеу жүргізді. 3 қазан күнгі сағат 20.00-де барлық бюллетеньдер мен дауыс беру нәтижелері партияның аудандық филиалдарына жеткізілді.
Аймақтық есеп комиссиялары тарапынан бюллетеньдердің хаттама мәліметтеріне сәйкестігін тексерілді. Барлық материалдар Орталық аппаратқа верификация жасау үшін жіберілді. Әр бюллетеньде арнайы қорғаныс маркері бар.
Қазір бюллетендер бойынша дауыс беру нәтижелерін «Праймериз» ақпараттық жүйесіне енгізу жұмыстары аяқталуда.

Деректерді жаңарту жақын арада бір мезетте жүзеге асырылады.

Естеріңізге сала кетейін, https://vote.primaries.kz веб-сайты және мобильді қосымша арқылы онлайн дауыс беру мерзімі тура бір тәулікке, яғни 4 қазан күнгі сағат 14:00-ге дейін ұзартылған, - деп жазды ол.

Өзгелердің жаңалығы