Бюджеттің қамбасын толтырып, қыруар қаражат табуға болар еді – Нартай Аралбайұлы

14 Қараша 2024, 11:56
246
Бөлісу:
Бюджеттің қамбасын толтырып, қыруар қаражат табуға болар еді – Нартай Аралбайұлы
Фото: Мәжіліс

Мәжіліс депутаты Нартай Аралбайұлы креативті индустрия арқылы қыруар қаржы табуға болатынын, бірақ елімізде бұл сала дамымай отырғанын айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Креативті индустрия еліміз үшін өте маңызды. Бірақ бұл салаға соңғы жылдары ғана назар аударылып жатыр. Әсіресе Мемлекет басшысының берген тапсырмасынан кейін. БҰҰ креативті индустриядағы бағытты нақтылап берді. Олар – дизайн, сән, өнер, кино, музыка, медиа, компьютерлік графика және т.б. Бұл салалар арқылы бюджеттің қамбасын толтырып, қыруар қаражат табуға болар еді, - дейді депутат.

Оның айтуынша, креативті индустрияның капитализациясы әлемде 2,3 трлн доллар. Өкінішке қарай, Қазақстан осы үлкен капиталдан өз үлесін ала алмай отыр.

Кей елдерде креативті индустрияның ЖІӨ-дегі үлесі 3%, ал дамыған елдерде 12%-ға дейін.

Креативті индустрияны дамыту мәселесі мемлекеттік органға жүктелді. Қазір мұнымен Мәдениет және ақпарат министрлігі айналысып жатыр. Дегенмен мемлекет араласқан жерде нақты нәтиже болмай қала ма деген қорқыныш бар. Неге? Өйткені 2015 жылғы зерттеуге сәйкес, Қазақстан креативті индустрия бойынша әлемде 84-орында болса, министрлік ұсынған биылғы соңғы деректе сол 84-орында қалып отырмыз, - деп айтты Нартай Аралбайұлы Мәжілісте өтіп жатқан отырыста.

Өзгелердің жаңалығы