Бюджеттен бөлінген 3 млрд теңге бос жатыр - Бақыт Сұлтанов

4 Ақпан 2020, 10:36
1688
Бөлісу:
Бюджеттен бөлінген 3 млрд теңге бос жатыр - Бақыт Сұлтанов

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бүгін үкімет отырысында ҚР сауда және интеграция министрі Бақыт Сұлтанов тұрақтандыру қорларының шоттары мен депозиттерінде тауарларды сатып алуды жүзеге асыру үшін бюджеттен бұрын бөлінген 3 млрд теңге бос қаражат жатқанын айтты.

Мемлекет басшысы олардың тиімділігі төмен екенін атап өткен. Өңірлік тұрақтандыру қорларында әлеуметтік маңызы бар өнімдердің табиғи резервтерін құрудың тиімділігі аз тәжірибесінен баламалы құралдарға көшуді қамтамасыз етуді талап етті. Осындай баламалы құралдардың бірі – жеңілдетілген қаржыландыру арқылы бағаны ұстап тұру міндеттемелерін қабылдау бойынша сауда желілерін ынталандыру тетігі болып табылады. Біз оны "айналым схемасы" деп атадық және өңірлерді оны белсенді пайдалануға бірнеше рет шақырдық. Алайда, бұл құралды Нұр-Сұлтан және Алматы қалаларынан басқа еш жер қолданбаған, - деді Бақыт Сұлтанов.

Оның айтуынша, азық түлік тауарлары бағасының өсуін баяулатуға жергілікті атқарушы органдар мен бақылаушы органдардың аумақтық бөлімшелері қолданыстағы тетіктерді барынша пайдаланып ықпал етуі керек.

Бірқатар жедел және жүйелі шаралар қабылдау үшін барлық құралдар мен мүмкіндіктер бар. Ол үшін ең алдымен жергілікті атқарушы органдар мен бақылаушы органдардың аумақтық бөлімшелері қолданыстағы тетіктерді барынша пайдалануы қажет. Шекті бағаны бекіту рәсімін белсенді пайдалану керек. Тұрақтандыру қорларын қалыптастыру және пайдалану түбегейлі өзгерістерді талап етеді. Мәселен, өткен жылы Шымкент қаласында және Маңғыстау облысында тауар интервенциясы мүлдем жүзеге асырылған жоқ. Басқа аймақтарда интервенциялар бағаның өсуі орын алған тауар топтарында жүргізілмей, басқа тауарлар бойынша іске асырылды. Айталық, қорлардан 2 мың тонна картоп сатылды. Оның импортқа тәуелділігі төмен болғанымен бағасы да едәуір өскен жоқ. Ал қарақұмық бағасының 80,5 пайызға өсуі кезінде оның жалпы сату көлемі тек 213 тоннаны құрады. Бұл нарыққа әсер етпеді, - деді министр.

Өзгелердің жаңалығы