Астана, BAQ.KZ. Алдағы үш жылда халықты әлеуметтік қолдауға бағытталған шығындардың республикалық бюджеттегі үлесі 34%-дан 49%-ға дейін өседі. Бұл жөнінде ҚР қаржы министрі Әлихан Смайылов мәлімдеді.
«Бүгін Мемлекет басшысы әлеуметтік қолдауды одан әрі күшейтуге бағытталған бірқатар міндеттерді алға қойды. Біздің бюжеттің әлеуметтік салаға бағытталуы бүген немесе кеше ғана орын алмағанын айтқым келеді. Бұл бағыт барлық кезде болды. Әсіресе, соңғы жылдары. Халықтың әлеуметтік әл-ахуалына ықпал еткен сыртқы жағымсыз жағдайлардың күшеюі салдарынан әлеуметтік қолдау күшейтілді. Негізінен, соңғы екі жылды республикалық бюджеттегі әлеуметтік саладағы шығындар үлесі 34%-дан 45%-ға дейін ұлғайды және алдағы үш жылда бұл көрсеткіш 49%-ға дейін артады. Яғни, біздің бюджеттің әлеуметтік бағыты анық көрініп тұр», - деді Смайылов.
Ол Президент әлеуметтік аз қамтылған азаматтардың, соның ішінде, көпбалалы аналарды қолдауды және атаулы әлеуметтік көмек, баспанамен қамтамасыз ету және өңірлерде түрлі инфрақұрылымды нысандар салу мәселесін күшейтетін қосымша міндеттерді белгілеп бергенін айтты.
«Осының барлығына алдағы үш жылда қосымша 2 трлн теңге бөлінеді. Соның ішінде, 1 млн теңге салықтық және кедендік рақымшылық пен мемлекеттік органдардың бюджеттік шығындарын оңтайландыру есебінен табылады. Ұлттық қордан да алдағы үш жылда шамамен 1 трлн теңге бөлінеді. Бұл қаражаттың барлығы Елбасы атап көрсеткен міндеттер мен мақсаттарға бағытталатын болады», - деді министр.