Былтыр жалпы ішкі өнім 4%-ға өсті – Премьер-министр

8 Ақпан 2022, 11:08
1366
Бөлісу:
Былтыр жалпы ішкі өнім 4%-ға өсті – Премьер-министр

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. 2021 жылы әлеуметтік-экономикалық даму қорытындысы бойынша жалпы ішкі өнімнің өсімі 4%-ды құрады. Бұл туралы Үкіметтің кеңейтілген отырысы Премьер-министр Әлихан Смайылов айтты.

2021 жылы әлеуметтік-экономикалық даму қорытындысы бойынша жалпы ішкі өнімнің өсімі 4%-ды құрады. Тұрақты экономикалық өсімнің негізгі факторы нақты сектор болды. Өнеркәсіп өндірісінің көлемі 3,8%-ға өсті. Тау-кен өнеркәсібін есепке алмағанда негізгі инвестициялар 9,5% ұлғайды. Тікелей шетелдік инвестициялар жылдың 9 айында шамамен 50%-ға өсіп, 18,8 млрд долларды құрады, - деп айтты Үкімет басшысы Әлихан Смайылов.

Сондай-ақ былтырдың 11 айының қорытындысы бойынша сыртқы сауда айналымы 15,4%-ға өсіп, 91,4 млрд теңгеге жетті.

Тауарлар экспорты 25%-ға артып, 54,5 млрд долларға тұрақтаса, импорт көлемі 37 млрд доллар болды, - деп түсіндірді Премьер-министр кеңейтілген отырыста.

Еске сала кетейік, бүгін Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалығымен Үкіметтің кеңейтілген отырысы өтіп жатыр.

Президент кеңейтілген отырыстың ашылуында азаматтардың табысын арттыру керектігін айтты.

Өзгелердің жаңалығы