Былтыр СҚО-да 495 интернет-алаяқтық тіркелген

30 Қаңтар 2021, 12:30
1111
Бөлісу:
Былтыр СҚО-да 495 интернет-алаяқтық тіркелген

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. СҚО-да жұртшылық өкілдері полицейлермен интернет-алаяқтыққа қарсы іс-қимыл және мемлекеттік қызмет көрсетудің сапасы туралы мәселелерді талқылады, деп хабарлайды Polisia.kz. 

Интернет-алаяқтыққа қарсы іс-қимыл және мемлекеттік қызмет көрсетудің сапасы туралы мәселелер биылғы жылы алғаш рет өткізілген Полиция департаменті жанындағы Консультативтік-кеңесші органның кеңесінде қаралды. Консультативтік-кеңесші орган мүшелері полиция басшылығымен мәселелерді талқылап, өз ұсыныстарын жасады. 

Барлық санитарлық нормаларды сақтай отыра, диалогқа Полиция департаментінің бастығы Марат Төлебаев, облыс аппараты бөліністерінің басшылары, сондай-ақ бейнеконференцбайланыс режимінде қосылған қалалық және аудандық полиция бөлімдерінің бастықтары қатысты.

 ККО төрағасы Жасұлан Ахметовтің сөзінше, өткен жылғы карантиндік шектеулерге қарамастан – полицияның халықпен жұмысын оңтайландыру бойынша кешенді жұмыс атқарылған. Автоапаттардың алдын алу аясында халықтың пікірлері зерделенді, есірткіграффитилерді өшіру бойынша жұмысты ұйымдастырумен байланысты, сондай-ақ учаскелік полиция инспекторларының, арнайы ХҚКО жұмыстарындағы түйіткіл мәселелер шешілді.

Полиция департаментінің Көші-қон қызметі бастығы Талғат Әбілов халыққа мемлекеттік қызмет көрсету бойынша жұмысты ұйымдастыру туралы баяндамасын оқыды. 2020 жылы СҚО-да 134 мың мемлекеттік қызмет көрсетілген. Ең көп сұранысқа ие қызмет түрлері – төлқұжаттар мен жеке куәліктер беру, ҚР азаматтарын тұрғылықты жерлері бойынша тіркеу. 

Азаматтарға қолайлы болу үшін басшылықпен байланыс жолдары әлеуметтік желілерде жарияланды. Бұл азаматтардың мәселелерін жылдам шешуге мүмкіндік береді. ККО мүшелері еңбек көші-қон және құжаттандыру мәселелері бойынша халыққа практикалық семинарлар өткізуді, мемлекеттік қызмет көрсету кезінде барынша көңіл бөліп, сыпайы әрі ізетті болуды ұсынады.
Өзгелердің жаңалығы