2024 жылы "Шымбұлақ" тау-шаңғы курорты 1,5 млн қонақ қабылдаған, деп хабарлайды BAQ.KZ Туризм және спорт министрлігіне сілтеме жасап.
Бұл – отандық және шетелдік туристердің жалпы саны.
Тау-шаңғы курортына жазғы және қысқы маусымда шамамен бірдей туристер келген. Яғни, жазғы маусымда – 700 мың, қысқы кезеңде 800 мың адам "Шымбұлаққа" барған.
Туристер санының жылдық өсімі 24%-ды құрады. Алматыда орналасқан "Шымбұлақ" тау-шаңғы курорты ел тұрғындары арасында да, шетелдік меймандар арасында да кеңінен танымал бола бастады.
Мұнда көбінесе Ресей, Қытай, Үндістан, Оңтүстік Корея және Таяу Шығыс елдерінен туристер келеді.