Былтыр Қазақстанға 20 мың түрікменстандық турист келген

Кеше, 19:45
183
Бөлісу:
Былтыр Қазақстанға 20 мың түрікменстандық турист келген
PHOTO
Фото: Туризм және спорт министрілігі

Туризм және спорт министрі Ермек Маржықпаев Қазақстандағы Түрікменстан Республикасының Төтенше және Өкілетті елшісі Батыр Реджеповпен кездесті, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Кездесуде тараптар туризм және спорт саласындағы екіжақты ынтымақтастықты дамыту перспективаларын талқылады.

Былтыр Қазақстанға 20 мың түрікменстандық турист келген

Ермек Маржықпаев Париждегі Олимпия ойындарына дайындық туралы айтып, Түрікменстан спортшыларына байрақты бәсекеде табыс тіледі. Сондай-ақ министр биылғы мамырда ТМД Үкімет басшыларының отырысында Ашхабад қаласы «ТМД-ның жаңа спорттық мүмкіндіктер қаласы» деп жарияланғанын атап өтті.

Осындай мәртебеге ие болғандарыңызбен шын жүректен құттықтаймын және спортта биік белестерді бағындыруға тілектеспін. Бұл Түрікменстан аумағында дене шынықтыру мен спортты дамытуға зор ықпал ететініне сенімдімін. Біз өз тарапымыздан бастамаларыңызды қолдауға және ынтымақтастығымызды одан әрі дамытуға дайынбыз, - деді ведомство басшысы.

Сонымен қатар Ермек Маржықпаев туризм саласындағы ынтымақтастықтың маңыздылығын атап өтті. Табиғи ресурстар мен көрікті жерлердің көптігінің арқасында Қазақстанда туризмнің барлық саласы, атап айтқанда, экотуризм, этнотуризм, агротуризм, іскерлік, шытырман оқиғалы туризм және басқалар дамып келеді.

Былтыр Қазақстанға 20 мың түрікменстандық турист келген

Министрдің айтуынша, келу туризмінде оң динамика байқалады. Мәселен, 2023 жылы Түрікменстаннан Қазақстанға келген туристік ағын төрт есеге артып, 20 мыңға жуық адамға жеткен.

Ермек Маржықпаев екі ел арасындағы туризмді, оның ішінде Түрікменстанның туристік компания өкілдерінің Қазақстанда өткізілетін көрмелерге қатысуы арқылы белсенді дамытуды ұсынды.

Өз кезегінде елші мырза ынтымақтастықты нығайтуға ықпал ететін спорт және туристік салалардағы бірқатар бастамалар мен жобаларды айтты. Сондай-ақ спорт саласындағы өзара түсіністік туралы Меморандумға қол қоюға бастамашы болды.

Кездесу соңында министр елшіні 5-ші Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының ресми ашылу салтанатына қатысуға шақырды.

Өзгелердің жаңалығы