Былтыр Қазақстанда орташа өмір сүру ұзақтығы 76 жасқа жақындады – Тоқаев

Азаматтардың орташа өмір сүру ұзақтығы 76 жасқа жақындады. Соңғы үш жылда ана өлімі 35 пайызға, ал сәби өлімі 24 пайызға қысқарды

Бүгiн 2026, 13:27
АВТОР
 ©BAQ.KZ архиві Бүгiн 2026, 13:27
Бүгiн 2026, 13:27
149
Фото: ©BAQ.KZ архиві

Мемлекет басшысы денсаулық сақтау саласындағы жетістіктерге тоқталды.

Баршаңызға белгілі, мемлекет медицина саласын дамытуға әрдайым баса назар аударады. Қазір де осы бағытта ауқымды жұмыс істеліп жатыр. Нақты нәтижелер бар. Былтыр еліміз бойынша азаматтардың орташа өмір сүру ұзақтығы 76 жасқа жақындады. Соңғы үш жылда ана өлімі 35 пайызға, ал сәби өлімі 24 пайызға қысқарды. Бұл – Тәуелсіздік жылдарындағы ең төменгі көрсеткіш, - деді Президент.

Сондай-ақ, Мемлекет басшысы елімізде 1300-ге жуық нысан салынғанын атап өтті. 

Кейінгі жеті жылда еліміз бойынша 1300-ге жуық денсаулық сақтау нысаны салынды. Медициналық сақтандыру саласы да заман талабына сай жаңғыртылды, - деді Тоқаев.

Айта кетейік, бүгін Ақордада медицина қызметкері күніне орай салтанатты іс-шара өтті. Жиында Қасым-Жомарт Тоқаев дәрігерге қол көтергендер қылмыстық жауапқа тартылатынын айтты

Президент қоғамдық орындарда әдеп сақтау мәселесіне де тоқталды.

Сондай-ақ, биыл дәрігерлердің жалақысын өсіруге 33 миллиард теңге бөлінгені айтылды

Мемлекет басшысы Астана мен Қарағандының медициналық университетіне жаңа атау берілетінін де атап өтті. 

 

Наверх