Үкімет отырысында Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Марат Қарабаев автомобиль жасау саласындағы міндеттерді атады, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
Автомобиль жасау саласына келетін болсақ, 2022 жылдың қорытындысы бойынша ішкі нарықта 150 мың автомобиль сатылды, оның 103 мың бірлігін отандық компаниялар жасап шығарған болатын. Биылғы жыл автомобиль өндірушілеріне қатысты саясатты қайта қарау тұрғысынан маңызды болып отыр, – деді Индустрия министрі.
Қарабаевтың айтуынша, бұл секторда біздің алдымызда 3 міндет тұр.
Алдымен шығарылатын автомобильдер қатарын кеңейту. Қазіргі таңда екі автомобиль зауыттың құрылысы жүріп жатыр. Екіншіден, шағын торапты құрастыруды дамыту.Ол үшін біз автокөлік өндірушілеріне Көлік құралдарын оқшаулау және шағын торапты құрастыруға көшу үшін талаптарды күшейту бойынша шаралар қабылдап жатырмыз. Үшіншіден, компоненттік базаны құру. Бүгінгі күні доңғалақ дискілерін, аккумуляторларды шығаратын кәсіпорындар жұмыс істейді, оларды отандық автомобильдерге орнату үшін омологация процесі өткізілуде, – деді Марат Қарабаев.