Былтыр елордалықтар 17 млрд теңгенің тегін дәрі-дәрмегімен қамтылды

2 Ақпан 2023, 21:02
1367
Бөлісу:
Былтыр елордалықтар 17 млрд теңгенің тегін дәрі-дәрмегімен қамтылды
Фото: strategy2050.kz

2022 жылы астаналықтар 17 млрд теңгеден аса соманың тегін дәрі-дәрмегімен қамтылды, деп хабарлайды BAQ.KZ Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының елордалық филиалына сілтеме жасап. 

2023 жылдың 1 қаңтарындағы жағдай бойынша Астана қаласында 207 663 пациент 939 274 тегін рецепт бойынша 17, 02 млрд теңге сомасына тегін дәрі-дәрмекпен және медициналық бұйымдармен қамтамасыз етілген. 

Олардың ішінде МӘМС жүйесінде дәрі-дәрмекпен қамтылған балалар: Жіті респираторлық инфекциямен – жоғарғы тыныс жолдарының аурулары бойынша – 3 458 бала және төменгі тыныс жолдарының аурулары бойынша – 8 547 бала; Теміржетіспеушілігі анемиясымен - 1 343 бала; Рахит ауруымен 1004 бала; Пневмониямен 2 197 бала; Синуситпен/ бадамша безі (миндалин) және аденоид ауруларымен 645 бала. Сарапшыларымыз медициналық қызметтің қолжетімді болуы және оның сапасының жақсаруы үшін, яғни пациент құқығы сақталуы үшін тұрақты жұмыс жүргізеді, – деп атап өтті «Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» КЕАҚ елорда филиалының директоры Нұрлыбек Қабдықапаров.

Сондай-ақ Астана қаласы бойынша COVID-19 короновирус инфекциясымен күрес аясында амбулаториялық деңгейде (нозология: Короновирустық инфекция; МӘМС - ауруханадан тыс пневмония (ересектер), балаларда – пневмония, жоғарғы және төменгі тыныс жолдарының жіті қабыну инфекциялары бойынша, ақпараттық жүйедегі деректерге сай, 2022 жылдың 1 қаңтар – 31 желтоқсаны аралығында 79,4 млн теңге сомасына 32 147 рецепт бойынша 22 856 пациент антибактериалдық, ыстық түсіретін препараттармен және антикоагулянттармен қамтамасыз етілді. Оның ішінде: COVID-19 коронавирус инфекциясы U07.1; COVID-19 коронавирус, вирус анықталмаған (U07.2) және COVID-19 коронавирус инфекциясы U07.1, U07.2 диагноздары бойынша 52 млн теңгеден аса сомаға 8 858 рецепт бойынша  6 524 пациент дәрілік заттармен қамтамасыз етілді.

Амбулаториялық қамтамасыз ету бұйрығына сәйкес, емхана дәріханаларында МӘМС жүйесінде тегін берілетін барлық (антибиотиктер, ыстық түсіретін препараттар, темірқұрамды препараттар, басқа да спецификалық препараттар) қажетті дәрілер бар. 

Өзгелердің жаңалығы