Былтыр елімізде 40 мыңға жуық адамнан онкологиялық аурулар анықталған

14 Сәуір 2022, 15:19
1862
Бөлісу:
Былтыр елімізде 40 мыңға жуық адамнан онкологиялық аурулар анықталған

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінің алаңында өткен баспасөз мәслихаты барысында Медициналық көмекті ұйымдастыру департаменті директорының орынбасары Гүлнар Жанғарашева хабарлады. 

Оның айтуынша, әлемде қатерлі ісік ауруларына шалдығушылар саны артқан. 

Қазақстанда 2021 жылы 36140 жаңа жағдай тіркелді. Онкоауруға ұшырағандардың негізгі бөлігін – 59%-ды еңбекке қабілетті жастағылар алып отыр. Сондай-ақ елде өлім-жітім бойынша қатерлі ісіктен қайтыс болу дерегі 3-орында. Сондықтан обырды ерте диагностикалау мен емдеу денсаулық сақтау саласындағы әлеуметтік саясаттың басым міндеті болып табылады, - деп атап өтті ведомство өкілі.

Сонымен қатар ол қатерлі дерттің алдын алу барысында қандай іс-шаралар атқарылып жатқанына тоқталды. 

2018 жылдан бері елімізде Үкіметтің қаулысымен бекітілген 2018-2022 жылдарға арналған онкологиялық аурулармен күрестің кешенді жоспары іске асырылып келеді. Кешенді жоспар 4 бағытты қамтиды. Бірінші бағытта аурудың алдын алу мен тәуекел факторларын басқару қарастырылған. Бүгінде республикада скринингтің: жатыр мойны, сүт безі және тоқ ішек обырын ерте анықтауға арналған 3 түрі бар, - деді департамент басшысының орынбасары. 

Өзгелердің жаңалығы