Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы Денсаулық сақтау министрі Ажар Ғиният ведомствоның кеңейтілген алқа отырысында хабарлады.
Оның айтуынша, былтыр 171 ағзаны трансплантациялау жүргізілген.
Оның ішінде, 129 бүйрек, 40 – бауыр, 2 – жүректі ауыстыру отасы жасалған.
Отандық хирургтар ағзаның донорлығымен қатар, кардиохирургтар қанайналымды механикалық қолдау үшін жасанды сол жақ қарыншаның имплантациясын жасады. Осылайша, 2021 жылы LVAD 47 құрылғысы имплантацияланды, - деп атап өтті ведомство басшысы.
Сонымен қатар министр отандық трансплантологияның әлеуетіне тоқталды.
Отандық трансплантология саласы ағза мен тіндерді ауыстыруды көп мөлшерде жүзеге асыруға қауқарлы. Алайда бұл саланы дамытуға кедергі келтіретін негізгі проблемалардың арасында донорлық ағзалардың, соның ішінде, мәйіт донорлығының тапшылығы, оны әрі қарай трансплантациялау үшін адамның тіндері мен ағзасын алудың заңға сыйымдылығы бар. Оны әрі қарай дамыту үшін діни конфессияның ресми қолдауымен бірге, ағза донорлығына қоғамның дұрыс пікірін қалыптастыруға бағытталған ағза донорлығын насихаттау бойынша ведомсвтоаралық жұмысты белсендіру қажет, - деді еліміздің бас дәрігері.