Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы Ішкі істер министрлігінің балалар қауіпсіздігін қамтамасыз ету тақырыбында өткен брифингте ҚР ІІМ ӘПК басқарма басшысының орынбасары Ділбар Төлегенова айтты.
Жыл басынан бері кәмелетке толмаған азаматтарға жыныстық тиісу бойынша 821 іс тіркелді. Өсім 4 пайызды құрады. Биыл аталған қылмыс өсімінің артуы статистикалық деректерді санау әдісіне қатысты болып отыр. Қарағанды облысының департаментінде анасымен бірге тұратын азамат және оның ағасы екеуі кәмелетке толмаған 2007 жылғы қызға қатысты жыныстық қылмыс сотқа дейін тергеліп жатыр. 2019 жылы аталған азаматтар 57 қылмыс жасаған. Оның әрқайсысы жеке қылмыс ретінде саналады, - деді ол.
Төлегенованың айтуынша, кәмелетке толмаған қыздар еркектермен екіжақты келісім бойынша жыныстық қатынасқа түскен.
Қылмыстардың 40 пайызы 16 жасқа дейінгі қыздарға қатысты жасалған қылмыс болып табылады. Оның 50 пайызын полиция денсаулық сақтау өкілдерімен бірлесіп әшкереледі. Кәмелетке толмаған жандарға жасалатын жыныстық қылмыстың 70 пайызы жақын адамдар тарапынан тұрмыстық жағдайда болады. Кәмелетке толмаған жандарға қатысты әрбір екінші жыныстық қылмыс пәтер мен жатақханаларда жүзеге асырылады. Оған полицияның қолжетімдігі шектеулі болып, қылмыстық анықтауға қиындық тудырады, - деді Төлегенова.
Оқи отырыңыз: