Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Алматы қаласының әкімдігі мен электрсамокаттарды жалға беретін операторлар қалада электрсамокаттардың қолданысын реттеу мақсатында ынтамақтастық пен өзара түсіністік туралы меморандумға қол қойды.
Меморандум аясында электрсамокаттардың жаяу жүргіншілер көшелерінде, саябақтарда және бұқаралық іс-шаралар өтетін қоғамдық орындарда жүруілеріне тыйым салынады. Қала аумағында электрсамокаттардың жылдамдық режимі 25 км/сағ болып бекітіледі. Сондай-ақ, электр самокаттарды тек он алтыға толған тұлғалар ғана жалға ала алады.
«Jet Sharing»ЖШС директоры Мейрамбек Әбелқасовтың айтуынша былтыр электросамокаттардың қатысуымен 33 жол-көлік оқиғасы болған.
Осы 33 жағдайыдың 14-де адамдарға келтірілген зардабы бойынша сақтандыру төленді. Биыл самокаттың қатысуымен болған жол-көлік оқиғасы өскенін көріп отырмыз, алайда оны қолданушылар саны 5 есе өскенін ескерсек ЖКО аз болып шығады. Адамдар самокатқа үйреніп қалды, оны қалай қолдану керектігін үйреніп жатыр. Жол-көлік оқиғалары әсіресе жол бойында автокөлікпен болып жатыр,-деді М. Әбелқасов.
Операторлар метро мен қоғамдық орындардың кіреберісінде, газондарда, көлік және жаяу жүргіншілер жолағында қалдырылған электрсамокаттардың бірден арнайы орындарға жеткізілуін қамтамасыз етуі тиіс. Ол үшін қалада электрсамокаттарға арналған тұрақ аумақтары ұйымдастырылатын болады. Келесі жылдың соңына дейін электрсамокаттарға арналған 3000 тұрақ орнын ұйымдастыру жоспарлануда.
Сондай-ақ тараптар сервистің жұмысын қыс мезгілінде ауа райына байланысты жүргізудің нақтылы шарттарын белгіледі. Мысалы, 15 желтоқсаннан 20 ақпанға дейін орташа ауа температурасы Цельсимен 2 градустан асқан жағдайда жалға беру аумағын қысқарады әрі электр самокаттардың 10%-ы ғана жалға беріледі.
Аталған меморандум шарттарында көрсетілген барлық пункттерді жүзеге асыру нәтижесінде электрсамокаттардың қолданысын реттеу, қауіпсіздік деңгейін арттыру, тиісті инфрақұрылымды дамытуды қамтамасыз ету жоспарланған.
Жалпы микромобильді көліктің, оның ішінде электрсамокаттардың дамуы қоршаған ортаны ластау деңгейі мен жеке көлікпен жүру жиілігін төмендетуге әсер ететіндігі, бұл, өз кезегінде, қала көшелерінің жүктемесін төмендетуге де ықпал ететіндігі атап өтілді. Күн сайын қалада электр самокаттармен жүз мыңға жуық қозғалыс қамтамасыз етіледі.
Еске салсақ, электрсамокаттар Алматы қаласында 2018 жылы 100 данадан бастап жалға беріле бастады. Қазіргі кезде қалада 4 компания, атап айтқанда Ozim, Jet, Eleven, Whoosh 15000 самокатты жалға беру қызметін ұсынып ортыр.