Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы Мәдениет және спорт министрі Дәурен Абаев Мәдениет және спорт министрлігінің алқалы отырысында хабарлады.
Оның айтуынша, былтыр еліміздің барлық өңірінде 263 мәдениет нысаны жөндеуден өткен.
Қарағанды облысы Ұлытау ауданында «Жошы хан» тарихи-мәдени кешенінің құрылысы аяқталды. «Сарайшық», «Әзірет Сұлтан», «Ордабасы» тарихи-мәдени музей-қорықтары аумағында заманауи визит-орталықтардың құрылысы басталды. Қожа Ахмет Яссауи, Рәбия Сұлтан Бегім, Есім хан, Тәуке хан, Қылует жерасты мешіті сияқты тарихи-мәдени мұраға жататын 49 нысанда қалпына келтіру жұмыстары жүргізілді, - деді министр.
Сонымен қатар ведомство басшысы министрліктің тарих және мәдениет ескерткіштерінде ғылыми-реставрациялық жұмыстарды бағалау нормативі алғаш бекітілгенін алға тартты.
Еске сала кетейік, бұған дейін Дәурен Абаев биыл мәдениет саласындағы арнаулы мектептер мен колледж қызметкерлерінің жалақысы өскені туралы айтқан болатын.