Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қостанай қаласында бірнеше көліктің терезесін сындырып, доңғалағын жарып кеткен бұзақыларға іздеу салынды.
Облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі таратқан ақпаратқа сүйенсек, оқиға Алтынсарин көшесіндегі тұрғын үйдің ауласында болған.
Қостанай қаласының полиция басқармасына бірнеше автокөліктің бүлінгені туралы жергілікті тұрғындардан өтініш келіп түсті. Аталған факті бойынша жедел-тергеу тобы оқиға орнында тексеру жүргізіп, жәбірленушілерден жауап алды. Қазіргі уақытта осы қылмыстық құқық бұзушылықты ашуға бағытталған бірқатар жедел-тергеу іс-шаралары жүргізілуде, - дейді ведомствоның баспасөз хатшысы Ирина Беженарь.
Қостанай облысының полиция департаменті тұрғындардан көліктерін мамандандырылған тұрақтарға қоюды сұрайды.