Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Алматылық дәрігерлер бүйрегін ауыстырған әйелді кесар тілігімен босандырды. Бұл туралы ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.
Министрліктің мәліметінше, статистика бойынша өзге елдерде мұндай пациенттердің 25-35%-ы түсік тастайды, мерзімінен бұрын босанады немесе бала іште жатып шетінейді. Сондықтан трансплантация жасатқан науқастар жүктілікті жоспарламас бұрын мұқият тексеруден өтеді, сондай-ақ аяғы ауыр болған жағдайда олар иммуносупрессивті терапия қабылдауы тиіс, өйткені трансплантат (бүйрек ауыстыру) функциясын жоғалтуы мүмкін немесе пациенттің өміріне қауіп төндіруі ғажап емес.
"Трансплантолог, нефролог, гинеколог және басқа мамандардан құралған дәрігерлер тобының көмегінің арқасында бұл пациенттің жүктілігі және кесар тілігі сәтті өтті. Нәтижесінде салмағы 2 келі 500 грамнан асатын дені сау қыз дүниеге келді, шақалақтың бойы 46 см, неонатолог дәрігердің тексеруінен кейін бала анасымен бірге", - деп хабарлады ҚР Денсаулық сақтау министрлігінде.