БҰҰ жыл соңына дейін қаржы тапшылығына тап болуы мүмкін

Егер қосымша қаржы түспесе, ұйым жылды бюджет тапшылығымен аяқтап, үнемдеу режимінде жұмыс істеуге мәжбүр болуы мүмкін.

 depositphotos.com Бүгiн 2026, 01:29
Бүгiн 2026, 01:29
142
Фото: depositphotos.com

Біріккен Ұлттар Ұйымы (БҰҰ) қаржы тапшылығының күшеюіне байланысты жыл соңына дейін күрделі қиындықтарға тап болуы мүмкін. Бұл туралы ұйым Бас хатшысының бағдарламалық жоспарлау, қаржы және бюджет мәселелері жөніндегі көмекшісі Чандрамули Раманатан мәлімдеді.

Оның айтуынша, қазіргі қаржылық ресурстар ұйымның жұмысын тек тамыз-қыркүйек айларының соңына дейін қамтамасыз етуге жетеді.

Тамыз, қыркүйектен кейін бізде ақша қалмайды. Қаржы қоры таусылады, – деді Раманатан брифинг барысында.

Ол БҰҰ-ның алдағы кезеңдегі қызметі мүше мемлекеттердің міндетті жарналарды уақытылы төлеуіне тікелей байланысты екенін атап өтті. Егер қосымша қаржы түспесе, ұйым жылды бюджет тапшылығымен аяқтап, үнемдеу режимінде жұмыс істеуге мәжбүр болуы мүмкін.

Бұған дейін The Wall Street Journal басылымы БҰҰ-ның қаржылық жағдайы күрделене түскенін хабарлаған еді. Басылым мәліметінше, ұйымға ең ірі жарна төлеушілердің бірі саналатын АҚШ-тың қарызы 4 миллиард доллардан асқан. Ал Қытайдың берешегі 455 миллион долларды құрағанымен, ел кейіннен шамамен 850 миллион доллар көлемінде қаражат аударған.

Сарапшылардың пікірінше, мүше мемлекеттердің жарналары уақытылы түспеген жағдайда, БҰҰ-ның бірқатар бағдарламалары мен операцияларын қаржыландыруда қиындықтар туындауы мүмкін.

Наверх