БҰҰ және Ресей мен Украина. СІМ Қазақстан неге қарсы дауыс бергенін түсіндірді

28 Желтоқсан 2022, 17:05
3014
Бөлісу:
БҰҰ және Ресей мен Украина. СІМ Қазақстан неге қарсы дауыс бергенін түсіндірді

Бұл туралы Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Айбек Смадияров айтты, деп жазады BAQ.KZ тілшісі.

15 желтоқсанда Нью-Йоркте БҰҰ Бас Ассамблясының «Қырым автономиялық республикасы мен Украинаның  Севастополь қаласындағы адам құқықтары саласындағы жағдайы туралы» қарар қабылданды. Қазақстан бұл қарарға қарсы дауыс берді. Дауыс беру кезінде Қазақстан Республикасы келесідей қағидаттарды негізге алды. Біріншіден, Қазақстан БҰҰ жарғысына сәйкес, Украинадағы қақтығысты бейбіт жолмен шешуді жақтайды. Сонымен бірге біз Украинаның егемендігі мен аумақтық тұстастығын жақтайды, – деді СІМ өкілі.

Сонымен қатар, Смадияров бұл қарарды БАҚ өкілдері теріс түсінгенін айтты. 

Екіншіден, біздің принциптік ұстатынымыз Қырым автономиялы республикасы мен Украинаның Севастополь қаласындағы адам құқықтары саласындағы жағдай мәселесі БҰҰ ұйымының арнайы органында, атап айтқанда БҰҰ адам құқықтары жөніндегі кеңесінде қарастырлуы керек. Бұл ретте БҰҰ Бас Ассамблеясының, БҰҰ адам құқықтары кеңесі туралы 60/251 қарарына сәйкес бұл кеңес өз жұмысында объективтілік қағидаттарын басшылыққа алып, саясаттандырудан аулақ болуға тиіс, – деп мәлімдеді Смадияров.

Бүгінгі таңда еліміз басқа 46 елмен бірге БҰҰ Адам құқықтары жөніндегі кеңесінің мүшесі болып саналады.

Қазақстанның 2013-2015 жылдары кеңес мүшесі болған кездегідей, біз проблемалық мәселелерді еңсеруде «зиян келтірмей, көмектесу» қағидатын негізге алдық. Аталған қарар бойынша Қазақстанның ұстанымы дәйекті және өзгермейді, - деді Смадияров.

Ол еліміздің осы қарар бойынша БҰҰ Бас Ассамблеясының бұған дейінгі сессияларында да дәл осындай ұстаным білдіргенін атап өтті.

Қазақстан БҰҰ алаңы мемлекеттер арасындағы қарама-қайшылық орны емес, диалог пен келіссөздердің негізгі құралы болуы керек деп санайды. Жанжалдың одан әрі өршуіне және санкциялар алмасудың қатаңдауына жол бермей, келіспеушіліктерді еңсерудің бейбіт жолдарын іздеуді жалғастыру маңызды, - деді СІМ-нің ресми өкілі.

Өзгелердің жаңалығы