БҰҰ: Жаһандық дағдарыс адамзаттың тіршілігіне қауіп төндіріп тұр

9 Шілде 2022, 14:55
1310
Бөлісу:
БҰҰ: Жаһандық дағдарыс адамзаттың тіршілігіне қауіп төндіріп тұр

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Климаттық дағдарыс, COVID-19 пандемиясы мен әлемдегі шиеленістердің өсуі тұрақты даму саласындағы мақсаттарға қол жеткізуге қауіп төндіріп отыр. Бұл туралы Біріккен Ұлттар Ұйымының есебінде хабарланды. 

Есеп барысында адамзаттың алдында тұрған дағдарыс азық-түлік қауіпсіздігі, денсаулық жағдайы, білім, қоршаған ортаға зиянды әсер ететіндігі айтылды. Сондай-ақ барынша тұрақты, бейбіт әрі тең қоғамның құрылым жоспарына кедергі келтіреді. Коронавирус пандемиясы мен оның салдары тұрақты даму саласын біршама ақсатты. Осы орайда, пандемияның қашан толықтай аяқталатыны әлі белгісіз. 2021 жылдың соңында қатерлі індеттен - коронавирустан дүние жүзіндегі өлім-жітім саны 15 млн-ға жетті. Ал 2020 жылы 93 млн адам бүкіл жер бетінде кедейлікке ұшырады. Соңғы екі жылда 147 млн бала оқуын мерзімінде аяқтай алмаған. 

Баяндамада айтылғандай, Париж келісімінде климат өзгерісінің жағымсыз салдарын болдырмас үшін парниктік газдардың жаһандық қалдықтарын 2030 жылға қарай 43%-ға азайтып, ал 2050 жылы мүлдем жою қажет. 

Сонымен қатар БҰҰ өкілдері дағдарыстан шығу үшін болашақтағы әлі белгісіз жағдайларға күшті дайындалып, ақпараттық инфрақұрылымды қаржыландыруды ұлттық үкіметтердің басымдығы ретінде алға қою қажет деп отыр. 

Өзгелердің жаңалығы