БҰҰ: Украинада 16 млн адам гуманитарлық көмекке мұқтаж

БҰҰ: Украинада 16 млн адам гуманитарлық көмекке мұқтаж
696

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Украинаның 16 млн тұрғыны судан баспанаға дейін гуманитарлық көмекке мұқтаж. 

Бұл туралы Киевтегі баспасөз мәслихатында БҰҰ Украинадағы гуманитарлық мәселелер жөнінен үйлестірушісі Оснат Лубрани мәлім етті, деп хабарлады БҰҰ жаңалықтар қызметі. 

БҰҰ Гуманитарлық мекемелер жүйесі серіктес ұйымдармен және украиналық волонтерлермен бірге оларды құтқару үшін бар күшін салуда. Ол бүгінде 16 млн украиналықтың гуманитарлық көмекке – суға, тамаққа, медициналық көмекке немесе баспанаға мұқтаж екенін айтты.

 Бұл тек ықтимал болжам. Қазір БҰҰ серіктестерімізбен бірге қайта қарап жатыр. Алты миллионнан астам адам ішкі мигранттар қатарында. Бес миллионға жуық адам туған жеріне қайта оралды, бірақ олар қайта кетуге мәжбүр болатындарын түсініп отыр. 5,3 млн украиналық басқа елдерге босқын болып кетті, - деді БҰҰ үйлестірушісі.


Фото: дереккөз