Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. БҰҰ Сомалиге аштық қатері төніп тұрғанын айтты. Оған жауын-шашынның болмауы мен азық-түлік бағасының өсуі себеп болуы мүмкін деп хабарлайды Reuters.
Белгілі болғандай, 213 мың сомалийлыққа аштық қатері төніп тұр. Бұл сәуір айындағы болжамдан 3 есеге көп.
Әлсіз топтың өмірі қазірдің өзінде азық-түлік тапшылығы салдарынан қыл үстінде тұр. Біз аштықтың басталғанын жариялау үшін күтіп отыра алмаймыз, әрекет ету керек, - деді БҰҰ-ның Сомалидегі өкілі Эль-Хидир Далум.
БҰҰ агенттігі 7,1 млн сомалийлік немесе ел тұрғындарының тең жартысы тамақ тапшылығын қатты сезініп отырғанын айтты. Олардың деректеріне сүйенсек, Сомалиде былтырғы құрғақшылықтың кесірінен 3 млн мал басы қырылып қалған. Одан бөлек, елде жаңбыр маусымында жауын-шашын жаумай тұр.
БҰҰ гуманитарлық әрекет ету жоспары биыл тек 18%-ға ғана қаржыландырылған. Сомалиден бөлек, әлемде төтенше жағдайға тап болып, «ыстық нүкте» болып саналатын, қаржыландыруға мұқтаж басқа да мемлекеттер бар.