Тик-ток желісінде тараған видеода бір әйел Біріккен Ұлттар Ұйымының қазақстандықтарға көрсететін көмегі туралы айтады, деп хабарлайды BAQ.KZ stopfake.kz-ке сілтеме жасап.
Видеодағы әйелдің айтуынша, көпбалалы отбасыларға, 1-ші, 2-ші және 3-ші топтағы мүгедектерге, ТЖ кезінде зардап шеккендерге, жасына байланысты зейнеткерлердің бәріне 105 мың теңгеден төленеді екен. Оның айтуынша, Халыққа қызмет көрсету орталықтары бұл ақпаратты жасырады. Бұл фейк.
БҰҰ-ның Қазақстандағы өкілдігі әлеуметтік желіде таралған ақпаратқа қатысты түсініктеме берді.
Белгілі болғандай, видеода айтылған ақпарат шындыққа жанаспайды. Бұл ақпарат – фейк.
БҰҰ бенефициарларға тікелей ақша жібермейді. Біріккен Ұлттар ұйымы ұсынатын барлық көмек ресми бағдарламалар мен әріптестік ұйымдар, оның ішінде үкіметтік мекемелер мен үкіметтік емес ұйымдар арқылы жүзеге асырылады, – деп түсіндірді БҰҰ-ның Қазақстандағы өкілдігі.