БҰҰ өкілі: Қазбалы отыннан біртіндеп бас тартсақ, экономика өзгереді

13 Қазан 2021, 17:47
4824
Бөлісу:
БҰҰ өкілі: Қазбалы отыннан біртіндеп бас тартсақ, экономика өзгереді

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы елордада өтіп жатқан «Париж келісімінің мақсаттарына және Қазақстанның көміртекті бейтараптығына қол жеткізу жолдары» атты халықаралық конференция барысында Біріккен Ұлттар Ұйымы Бас хатшысының ассистенті, БҰҰДБ әкімшісінің ассистенті және Еуропа мен ТМД бойынша Өңірлік директор Мирьяна Сполярич Эггер хабарлады.

Қазақстанның 2060 жылға қарай көміртекті бейтараптыққа қол жеткізу жөніндегі пайымын таныстыру рәсіміне қатысу мен үшін үлкен мәртебе. Мен Қазақстан Республикасының төмен көміртекті, климаттың өзгеруіне тұрақты, әділ және гүлденген болашағына деген өршіл ниетін көрсететін бүгінгі іс-шараны ұйымдастырғаны үшін Президент Тоқаевқа алғысымды білдіремін, - деді Мирьяна Сполярич Эггер.

Сондай-ақ ол адамзаттың алдында тұрған қауіптерді атады.

Климат өзгеруінің жылдам үдеуі адамзат үшін ең үлкен экзистенциалды қауіптердің бірі болып табылады. COVID-19 сияқты, ол бәріне әсер етеді, бірақ бірдей емес. Бұл әрекетсіздіктен әсіресе, кедей және осал адамдар зардап шегеді. Климаттың өзгеруі мен теңсіздік бір-бірімен тығыз байланысты. Қымбат емес қазба отын түрлерінің молдығына қарамастан, Қазақстан неғұрлым әртараптандырылған және жасыл экономика құру үшін құрылымдық қайта құруларды бастады. Бұл трансформацияның негізі энергетикалық жүйені терең декарбонизациялау болып табылады. Ол елдегі парниктік газдар шығарындыларының төрттен үш бөлігін құрайды, - деп отыр Біріккен Ұлттар Ұйымы Бас хатшысының ассистенті.

Сонымен қатар Мирьяна Сполярич Эггер миссияның ауқымын дұрыс бағалау қажеттігін айтты.

Бұл ретте, біз осы миссияның ауқымын дұрыс бағалауымыз керек. Қазбалы отыннан біртіндеп бас тарту экономиканың, сауда мен өнеркәсіптің терең құрылымдық өзгеруін білдіреді, - деді ол.

Еске сала кетейік, бұған дейін Мемлекет басшысы 2025 жылға қарай аса ластанған 10 қала баламалы қуат көздеріне ауыстырылатындығы туралы айтқан болатын.

Өзгелердің жаңалығы