БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы: Ерлан Қарин операцияға қатысудың артықшылығын атады

19 Қаңтар 2024, 16:46
495
Бөлісу:
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы: Ерлан Қарин операцияға қатысудың артықшылығын атады
Фото: Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі

Мемлекеттік кеңесші Ерлан Қарин қазақстандық әскери қызметшілерді БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясына қатысуға жіберу жайлы пікірін айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Ол атап өткендей, бүгін Парламент палаталарының бірлескен отырысында Мемлекет басшысының қазақстандық әскери қызметшілерді БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясына қатысуға жіберу туралы ұсынысы қолдау тапты. 

БҰҰ-ның бітімгерлік қызметіне атсалысу – Қазақстанның сыртқы саясатының маңызды бөлігі. Бұл біздің соғыс пен қақтығыстардың алдын алуға қатысты бірлескен іс-әрекетке қосқан үлесіміз. Қазақстан соңғы 10 жыл көлемінде БҰҰ-ның бітімгерлік операцияларына қатысып келеді. Бұл еліміздің әлем алдындағы беделін көтеруге және ұстанымын нығайтуға көмектесті. Сондай-ақ БҰҰ мен халықаралық әріптестер тарапынан зор сенімге ие болдық, - деп айтты Ерлан Қарин.

Мемлекеттік кеңесші Әскери қызметшілердің БҰҰ-ның бітімгерлік миссияларына қатысуы Қарулы Күштердің әлеуеті мен тәжірибесін арттыруға, халықаралық ынтымақтастық пен сыртқы ресурстардың артықшылықтарын тиімді пайдалануға мүмкіндік беретінін атап өтті. Ол да маңызды факторлардың бірі.

Өзгелердің жаңалығы