БҰҰ: Биыл жер бетіндегі халық саны 8 млрд адамға жетеді

11 Шілде 2022, 21:30
1912
Бөлісу:
БҰҰ: Биыл жер бетіндегі халық саны 8 млрд адамға жетеді

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. БҰҰ мамандарының болжамы бойынша, 2022 жылдың 15 қарашасында жер бетіндегі халық саны 8 миллиард адамға жетеді.

Бұл туралы France 24 хабарлады.

Мамандардың пікірінше, 2030 жылы Жер бетінде 8,5 миллиард адам, 2050 жылы – 9,7 миллиард адам өмір сүреді, ал 2080 жылға қарай бұл мән өзінің шыңына жетеді – 10,4 миллиард адам, содан кейін ол осы деңгейде 2100 жылға дейін тұрақтанады.

Бұл маңызды кезең планетаға қамқорлық жасаудағы ортақ жауапкершілігімізді еске салады. Енді бір-біріміздің алдындағы міндеттемелерімізге қай жерде әлі де жетпей жатқандығымыз туралы ойланатын кез келді. Бұл біздің әртүрлілігімізді атап өтуге, ортақ адамзатты мойындауға және денсаулық сақтау саласындағы өмір сүру ұзақтығының артуына, ана мен бала өлімінің айтарлықтай төмендеуіне себеп болған жетістіктерге тамсанатындай себеп, - деді БҰҰ Бас хатшысы Антониу Гутерриш.

Дамыған елдерде туу деңгейінің төмендеуі жағдайында халықтың негізгі өсуі сегіз елге келеді: Конго Демократиялық Республикасы, Египет, Эфиопия, Үндістан, Нигерия, Пәкістан, Филиппин және Танзания. Хабарламада Үндістан 2023 жылға қарай халық саны бойынша Қытайдан асып түседі деп айтылған.

Өзгелердің жаңалығы