Қазақстанның соңғы жаңалықтары

БҰҰ бітімгерлер санын қысқартуды жоспарлап отыр

9 Қазан 2025, 07:12
408
Бөлісу:
 pixabay
Фото: pixabay

Біріккен Ұлттар Ұйымы қаржыландыру тапшылығына байланысты бітімгершілік операцияларға қатысушылардың санын 25%-ға қысқартуды жоспарлап отыр. Бұл туралы ұйымның жоғары лауазымды өкілі мәлімдеді, деп хабарлайды BAQ.KZ ТАСС агенттігіне сілтеме жасап.

Шенеуніктің айтуынша, әлем бойынша БҰҰ бітімгершілік миссияларына тартылған қызметкерлердің шамамен 13-14 мың адамы қысқаруы мүмкін.

Төлемдердің кешігуі мен бірқатар мемлекеттердің жарна төлемеуі біздің миссиялардың тиімді жұмысына тікелей әсер етіп отыр, - деді ол.

Бюджет тапшылығының негізгі себебі – мүше елдердің жарна төлемеуі. Солардың ішінде ең ірі донор саналатын АҚШ-тың ұйым алдындағы қарызы 3 миллиард долларға жуық, оның ішінде 1,5 млрд доллар – тұрақты бюджет, ал қалғаны – бітімгершілік бағдарламалары бойынша берешек.

БҰҰ соңғы жылдары қаржыландырудың азаюына байланысты Африка мен Таяу Шығыстағы бірнеше миссиясын қысқартуға мәжбүр болған еді.

Өзгелердің жаңалығы