БҰҰ Бас хатшысы қазіргі әлемді қауіпті деп атады

23 Қаңтар 2022, 11:50
1687
Бөлісу:
БҰҰ Бас хатшысы қазіргі әлемді қауіпті деп атады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Антониу Гутерриш әлемдегі қазіргі қауіпсіздік жағдайын «текетірестің жаңа түрі» деп сипаттады. 

Біріккен ұлттар ұйымының Бас хатшысы Антониу Гутерриш қазіргі әлем бұрынғы КСРО мен АҚШ арасындағы қырғи-қабақ соғыс кезіндегіден әлдеқайда хаотикалық және болжау мүмкін емес болып кеткенін айтты. 

Ұзақ баспасөз мәслихаты барысында ол қазір әлем қауіпті, өйткені дағдарыстарды шешу құралдары жоқ екенін атап өтті.

Қырғи-қабақ соғыс екі қарама-қарсы блоктың арасында болды, онда қақтығыстардың алдын алудың нақты ережелері мен тетіктері болды. Соғыс ешқашан қызып кетпеді, өйткені болжамдылықтың белгілі бір деңгейі болды, - деп түсіндірді Гутерриш. 

Ол әлемдегі қазіргі қауіпті жағдайды «суық» немесе «ыстық» соғыс деп атамайтынын, керісінше оны «жылы қарама-қайшылықтың жаңа түрі» ретінде сипаттайтынын айтты.

Өзгелердің жаңалығы