Антониу Гутерриш Алматы мен Астанада болып, Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевпен, басқа да жоғары лауазымды тұлғалармен және БҰҰ қызметкерлерімен кездесулер өткізеді, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Қазақстандағы БҰҰ тұрақты үйлестірушісі кеңсесінің мәліметінше, бас хатшы 4 шілдеде Астанада өтетін Шанхай ынтымақтастық ұйымының саммитіне шақырылған.
Ол ШЫҰ Плюс сессиясында сөз сөйлейді.
Бұл Бас хатшының Қазақстанға екінші ресми сапары. Алғашқы ресми сапар 2017 жылы болды.