Алматы, BAQ.KZ. БҰҰ бас хатшысы Антониу Гутерреш коронавирус пандемиясы салдарынан әлем соңғы жүз жылдағы ең ауыр экономикалық дағдарысқа тап болғанын мәлімдеді. Давостағы оның баяндамасы ұйымның ресми сайтында жарияланды.
БҰҰ басшысының айтуынша, қазіргі әлемді «шытынау» деп бір сөзбен сипаттауға болады.
Екі миллионнан астам адам пандемиядан көз жұмды әрі біз соңғы жүз жылдағы ең ауыр экономикалық дағдарыстамыз,-деді Гутерреш.
Дипломат пандемия адамдар мен елдер арасындағы теңсіздік, «климат дағдарысы және биоәртүрлілік» сияқты әлемдік проблемаларды айқындап берді деп санайды. Оның айтуынша, табиғатқа қарсы соғыс жүргізу олардың қарымта соққы беруіне әкеледі. Гутерреш әлемді диалог пен ынтымақтастыққа шақырады.
Сондай-ақ, ол 2021 жылы әлемнің пандемия салдарын қайта қалыпқа келтіріп «шытынаудан беріктікке өту» мүмкіндігі бар екенін атап өтті.